ШҚО-да жүк көлігі қарсы бетке шығып кетіп, жеңіл көлікке соғылған
Жол-көлік оқиғасы кеше, 24 маусым күні, Өскемен – Семей тас жолының 39-шы шақырымында орын алды
Ұлан ауданы аумағында келе жатқан Volvo маркалы жүк көлігі қарсы беттегі жолаққа шығып кетіп, жеңіл көлікке соғылған. Жеңіл көлікті 47 жастағы жүргізуші тізгіндеген.
"Ваз-2110" маркалы көлік ішінде болған 49 жастағы азаматша түрлі жарақаттармен ауруханаға жеткізілді.
"Ваз-2110" маркалы көлік ішінде болған 49 жастағы азаматша түрлі жарақаттармен ауруханаға жеткізілді.
- ҚР ҚК 345-бабы 1-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Сараптама тағайындалды, - деп мәлімдеді ШҚО ПД баспасөз қызметі. - Жүк көлігінің 28 жастағы жүргізушісіне 160 АЕК көлемінде (445 мың теңге) айыппұл салынуы мүмкін немесе осы көлемдегі түзету жұмыстарына тартылады, не 160 сағатқа қоғамдық жұмыстарға тартылады, не 40 тәулікке қамалып, белгілі бір қызметті атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан екі жылға айырылуы мүмкін.
Следующая →