Пойыз жолаушылары биометриялық сәйкестендіруден өтетін болады
Жобаны іске асыру барысына тоқталған «Адал жол» жобалық кеңсенің басшысы И.Майшекин тұлғаны сәйкестендірудің жаңа технологиясы Digital ID қосымшасы арқылы билет сатып алуға мүмкіндік беретіндігін жеткізді
Билетті сатып алған кезде Digital ID қосымшасы арқылы тұлға сәйкестендіріледі әрі цифрлық ID карта жасалады. Картаны билет сатып алу кезінде қолданылады.
Қазіргі кезде тұлғаны сәйкестендіру технологиясы арқылы билет сатып алған жолаушыларды тексерудің үш нұсқасы қарастырылуда.
Яғни, біріншіден, жолаушылардың тұлғасын сәйкестендіру қосымшасы жүктелген смартфонның көмегі арқылы тексеру; екіншіден, жолаушылардың тұлғасын сәйкестендіретін камералар вокзалға, яғни, перронға шығатын жерде, ал үшіншіден, камералар вагондарда орнатылады.
Елімізде төтенше жағдай режимінің жариялануына байланысты наурызда жүзеге асуы тиісті жоба кейінге шегеріліп отыр.
Қазіргі уақытта "Қазақстан темір жолы" компаниясы "Алматы-Атырау" бағытындағы жеке пойызды бөліп бергендіктен, жоба осы бағытта 2-3 ай бойы сыналады. Оның барысында жобаның кем-кетік тұстарын анықталып, толықтырылатын болады.
Следующая →