Қазақстаннан қандай азық-түлік шығаруға тыйым салынды?
Сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтанов Facebook-тегі өз парақшасында шығаруға тыйым салынған өнімдер тізімін жариялады
22 наурыздан бастап төтенше жағдай режимі кезінде ұн, қант, күнбағыс майы, күнбағыс тұқымы мен қарақұмық сияқты әлеуметтік маңызы бар тауарларды елден шығаруға тыйым салынған, деп хабарлайды NUR.KZ сайты.
Сондай-ақ, тыйым салынған көкөністер: қызылша, пияз, сәбіз, қырыққабат және шалқан. Министрдің айтуынша, басты міндет - Қазақстан нарығына үздіксіз жеткізуді қамтамасыз ету.
Сонымен қатар, Бақыт Сұлтанов қазақстандық өндірушілер үшін экспорт бітпейді деп нақтылады. Ол сондай-ақ ТЖ және карантин жағдайында бағаны көтеруге түрткі болған алыпсатарлар қатаң жазаланатынын еске салды.