Қазақстанда даладағы мектеп дәретханаларының барлығы жабылады
Сабақ кезінде даладағы мектеп дәретханасына шыққан мектеп оқушысын зорлап кеткеннен кейін осындай шешім қабылданды
Қала және облыс әкімдіктеріне 2021 жылға дейін дәретхананы оқу орындарының ішіне орналастуры туралы бұйрық берілді, деп жазады Sputnik Қазақстан сайты.
- Тапсырма мынадай – далада тұрған дәретханалардың барлығын жабу. Осы мақсатта жергілікті бюджеттен қаржы бөлінуі керек. Қазіргі уақытта үкімет басшылығы бейнебақылау камералары, күзет, дәретхана, жалы қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша тапсырма берді, - дейді ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов.
Қазіргі уақытта Қазақстанда 7 014 мектеп бар болса, оның 2 514-інде дәретхана далада орналасқан. Қалалық орындарда ондай мектеп саны – 157, ауылдарда – 2 357.