Өскемен – Алтай тас жолында қар көшкіні түсірілді
"Қазселден қорғау" филиалының мамандары тұрғындардың қауіпсіздігі үшін алдын алу шараларын ұйымдастырды
Қар қалың жауып, күн жылынғаннан кейін қар көшкіні болу қаупі бар.
Сол үшін мамандар Өскемен – Алтай тас жолының 61, 63 және 64-ші шақырымдарында алдын ала қар көшкінін түсіру жұмыстарын жүргізді.
- Барлығы 5400 куб метр қар түсірілді. Түскен қар жолды түгелдей жауып қалды. Кейін "Облшығысжол" мамандары жолда тазартты, - деп мәлімдеді облыстық ТДЖ баспасөз қызметі.