Таразда супермаркетте өрт шықты
Оқиға туралы хабар бүгін шамамен түнгі сағат бірлерде 101 арнасына келіп түсті, ешкім зардап шеккен жоқ
Оқиға салдарынан зардап шеккендер жоқ, деп хабарлайды Zakon.kz сайты. Барлығы Сәтбаев көшесіндегі екі қабатты "Эврика" супермаркетінің ғимаратында орын алған.
Өрт сөндірушілер оқиға орнына келгенде, екінші қабаттағы ағаш төбе жабындысы жанып жатқанын анықтады. Өрт 03: 31-де сөндірілді.
Өртті сөндіруге 84 адам жұмылдырылды. Ғимарат қоршалып, су тасу ұйымдастырылды.