Жаңаөзендегі мейрамханада жасөспірімдерге иіс газына уланған
Мейрамханада даяшы болып істейтін екі жасөспірімге иіс тиіп көз жұмған, ал тағы біреуі жансақтау бөліміне түскен
Бұл туралы облыстық тауарлар сапасы мен қызметтер сапасын бақылау департаменті хабарлады.
- Мейрамхананың екі даяшысы: 2006 жылғы мектеп оқушысы мен 2004 жылғы колледж студенті иіс газына уланып көз жұмған, - деді департаменттегілер.
Тағы бір 2003 жылғы жасөспірім, колледж студенті, қалалық көпсалалы аурухананың жансақтау бөліміне жатқызылды, "белгісіз этиология иіс газына улану" диагнозымен комға түскен.
- Жас жігіт есін жиды. Жағдайы қалыпты. Ертең жалпы палатаға ауыстырылады, - деп атап өтті мекемедегілер.
Облыстық полиция департаменті жасөспірімдердің өлімін растады. Сотқа дейінгі тергеу басталды.
- Сот-медиицналық сараптама тағайындалды. Сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр. Жағдайдың мән-жайы анықталуда, - деп атап өтті полициядағылар.