Ертең ШҚО-да ауа райы құбылады
"Қазгидромет" РМК филиалы тұрғындарды облыста қауіпті метеорологиялық жағдай болжанатындығы жайында ескертеді
Синоптиктердің болжамынша, 26 қараша күні тұман түсіп, жел жылдамдығы 15-20 м/сек дейін күшейеді, ал кей жерлерде жаяу бұрқасын күтіледі.
Ал біз осы орайда полиция қызметкерлері қолайсыз ауа райында автобус аялдамасында тұрған халыққа көмек көрсетпек болған жүргізушілерге айыппұл салмауға уәде еткендерін еске саламыз.