Өскемен
ясно
-12°
  • Өскемен
    -12°
  • Алматы
    +1°
  • Астана
    -3°
  • Ақтөбе
    -3°
  • Актау
    +8°
  • Орал
    -2°
  • Қарағанды
    -4°
  • Көкшетау
    -6°
  • Қостанай
    -5°
  • Қызылорда
    +2°
  • Павлодар
    -11°
  • Петропавловск
    -10°
  • Тараз
    +1°
  • Туркестан
    -3°
  • Шымкент
    +8°
$
498.51
+0.17
522.84
+3.12
¥
68.81
+0.02
4.81
-0.04
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Қазақстан Қазақстан
Ақпарат көзі:
Устинка

Шенеуніктер миллион долларлық сарқырама мен картиналардың неге керек екенін айтты

Шенеуніктер түсіндіргендей облыс әкімдігіне жаңа жиһаздар соңғы рет 12 жыл бұрын алынып, ғимарат 2007 жылдан бері жөндеу көрмеді

Облыс әкімдігі аппаратының мемлекеттік сатып алу сайтына берген тізіміне қарап, қыз жасауын әзірлеп жатқан болар деп ойлайсыз.

Онда алтын креслодан бөлек, шенеунік кабинетіне қажетті жиһаздар сұралыпты. 500 мыңға кілем алып, ағаш ыдыс-аяқ үшін бір миллион теңге жұмсауға әзір. Ал перде тіктіруге қазынадан екі миллионға жуық ақша жұмсамақ болған.

Сондай-ақ, басшының кабинетінің сәнін келтіру үшін қосымша 1 жарым миллионға сурет салдырып, ауаны хош иістендіретін құты үшін 300 мыңды аямаймыз деп отыр. Арасында 90 мың теңгенің үтігі де бар.

Әйтсе де, мемлекеттік қызметкерлер мұндай қошеметтің нақты қай дөкейге көрсетіліп жатқанын айтпады. Тек бұған дейін алтын кресло мен перде үшін берген тапсырыстарын қайтып алған.

Ең қызығы, облыс әкімдігінің өзі орындыққа жарымай отыр. Өйткені әкім отыратын ғимараттың дәлізіндегі орындықтардың аяғы сынып қалған.
Следующая →