Өскемен
малооблачно
+11°
  • Өскемен
    +11°
  • Алматы
    +17°
  • Астана
    +8°
  • Ақтөбе
    +14°
  • Актау
    +20°
  • Орал
    +18°
  • Қарағанды
    +14°
  • Көкшетау
    +7°
  • Қостанай
    +11°
  • Қызылорда
    +23°
  • Павлодар
    +9°
  • Петропавловск
    +6°
  • Тараз
    +17°
  • Туркестан
    +10°
  • Шымкент
    +19°
$
443.37
+1.32
474.49
+0.35
¥
61.24
+0.17
4.83
+0.09
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Қазақстан Қазақстан
Ақпарат көзі:
Алдаспан

Жұмыспен қамтылуға жағдай жасалуда

Биыл облыстық бюджеттен «Жұмыспен қамту жол картасы - 2020» бағдарламасын жүзеге асыруға 6,5 млрд теңге бөлінді

- Бағдарламаның бірінші бағыты, яғни, «Инфрақұрылым және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласын дамыту арқылы жұмыспен қамту» аясында «Жаңару» аймақтық бағдарламасы жүзеге асырылуда. Соның негізінде әлеуметтік бағыттағы 229 нысан жөндеуден өтеді, - деді ШҚО әкімі Даниал Ахметов.

Оның ішінде 149 білім беру нысаны, 76 денсаулық сақтау және 4 мәдениет пен спорт нысаны бар.

Сонымен қатар, кәсіпкерлік бастаманы қолдау мақсатында 1,9 млрд теңге қаражат бөлініп отыр. Соның арқасында 780 адам жеке кәсібін ашуға және кеңейтуге шағын несие ала алады.

- Кадрларды даярлау мәселесі де өте өзекті. Осы бағытта біз жұмыстар жүргізудеміз. 3 жатақхана мен 25 жеке тұрғын үйлердің құрылысы жүргізіліде, - деп атап өтті аймақ басшысы.

Айта кету керек, облыс басшылығы жұмыссыз және өз-өзін жұмыспен қамтып отырғандар қатарынан 4886 адамды жұмыспен қамтуды жоспарлап отыр.

Ақерке Рағызбаева
Следующая →