Өскемен
ясно
-11°
  • Өскемен
    -11°
  • Алматы
    +6°
  • Астана
    -10°
  • Ақтөбе
    -7°
  • Актау
    +7°
  • Орал
    +3°
  • Қарағанды
    -6°
  • Көкшетау
    -13°
  • Қостанай
    -11°
  • Қызылорда
    +5°
  • Павлодар
    -9°
  • Петропавловск
    -18°
  • Тараз
    +9°
  • Туркестан
    -7°
  • Шымкент
    +11°
$
513
+13.49
541.16
+15.33
¥
70.75
+1.85
4.69
+0.07
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Қазақстан Қазақстан
Ақпарат көзі:
Алдаспан

Сәйгүлігін сайлап, тарланын таңдап мінген катонқарағайлықтар

Ат құлағында ойнаған елін сақтар жігіттердің барлығы Катонқарағайдың ипподромына түс ауа тұлпарларын жетелеген азаматтар ат қосты

Новости Казахстана / Сәйгүлігін сайлап, тарланын таңдап мінген катонқарағайлықтар
Фото:
Катонқарағай ауданы әкімдігінен
«Тағаны шеге сақтайды, таға жүйрікті сақтайды, жүйрік жігітті сақтайды, жігіт елін сақтайды» дегендей, ат құлағында ойнаған елін сақтар жігіттердің барлығы Катонқарағайдың ипподромына түс ауа тұлпарларын жетелеген азаматтар ат қосты. Бұл жерде ұлттық парктің мерейтойына орай ұлттық ойындар және спорттық іс-шаралар өтті. Ұлттық парк қорынан 1 000 000 теңге бәйге тігілді. Сонымен қатар ауылдық округтер ипподромның жанына ақшаңқан киіз үйлер тігіліп, келген қонақтарға қазақтың ұлттық тағамдары ұсынылды. Сондай-ақ, қонақтар сабаларда қымыз сапырылып, дертке дауа сусыннан және сары алтындай осы мекеннің балынан дәм татты.

- Мен Катонқарағайға бірінші рет келіп тұрмын, өзім Өскемен қаласының тұрғынымын. Осында қонаққа келіп бүгін дүбірлі той болып жатқанын естіп байге көруге келдік. Көңіл күйім жақсы, бұл жерде ауыл болып емес, аудан халқы болып тойлап жатқан сынды. Әуенді ән, киіз үйлер, ат үстіндегі жігіттер қыздар жүр. Мен құдды бір басқа ғасырда жүрген сияқтымын. Мұндай көріністі алғаш көріп тұрмын, -деп өзінің алған әсерімен Айжан Ілиясқызы бөлісті.

Елуден астам атқа мінген Ұлттық парк қызметкерлері көк байрағымызды көкке көтеріп, Ибрагим Ескендірдің «Көк тудың желбірегені» атты әніне театрланған қойылым қойды. «Қазавиаорманқорғау» АҚ-ның тікұшақ пилоттарының арнайы көрсетілімі дүйім жұртты таңқалдырды.

Шараның көркін ұлттық ойындар арқан тарту, аударыспақ, қыз-қуу, жорға жарыс, бес және он бес километрге шабу сынды ойын түрлері ашты.

Арқан тартуда ұлттық парктің Берел филиалының тобы жеңіске жетті. Аударыспақ ойындарында өз салмақтарында Руслан Ташенов, Қайнар Жақыпов, Фархат Қайрбаев жеңімпаз атанды. Қыз-қуу ойындарында бұрымды қыздарымыз Еркежан Шыныбаева, Ақгүл Көшенова және Нұрлы Қасымова ерекше көзге түсті.

7,5 км қашықтыққа болған Жорға жарысында зыряндық шабандоз Николай Шапорев мінген жорғаға ешкім тең келмеді. Бапкері - Көкпекті ауданы Сарыбел ауылының тұрғыны Сайран Желдыбаев

5 км қашықтыққа шапқан тұлпарлардың арасында жергілікті бапкер Даурен Шириндинов дайындаған Күршім ауданының Марқакөлден келген «Роза» атты жүйрік озды.

Байге десе ішкен асын жерге қоятын халықпыз ғой, 15 шақырымға жарыс басталған кезде жиылған жұрт қиқулап байгенің сәнін келтірді. Бірінші болып Өрнек ауылының тұрғыны Қайрат Серкеновтың атынан қосылған Шырын атты арғымақ келді.

Кеш соңында жеңіске жеткен азаматтарға құрмет грамоталары мен бағалы сыйлықтар табыс етілді. Мерейтойдың жабылуы Катонқарағайдың орталығында өтіп әсем отшашумен қорытыланды.

Айым Нұрланқызы
Следующая →