Өскемен
ясно
-11°
  • Өскемен
    -11°
  • Алматы
    +6°
  • Астана
    -10°
  • Ақтөбе
    -7°
  • Актау
    +7°
  • Орал
    +3°
  • Қарағанды
    -6°
  • Көкшетау
    -13°
  • Қостанай
    -11°
  • Қызылорда
    +5°
  • Павлодар
    -9°
  • Петропавловск
    -18°
  • Тараз
    +9°
  • Туркестан
    -7°
  • Шымкент
    +11°
$
513
+13.49
541.16
+15.33
¥
70.75
+1.85
4.69
+0.07
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Қазақстан Қазақстан
Ақпарат көзі:
Алдаспан

Облыс орталығына 30 тонна көмір жеткізіледі

Өскемен қаласы әкімдігі мен «Қаражыра» ЖШС арасында жеңілдетілген бағамен көмір әкелу бойынша меморандумға қол қойылды

Новости Казахстана / Облыс орталығына 30 тонна көмір жеткізіледі
Фото:
www.capital.ua
Қаламызға 30 тонна көмір отыны жеткізілетін болады. Бұл отын облыс орталығындағы әлеуметтік аз қамтылған отбасыларға арналған.

Көмірдің бір тоннасының нырықтық бағасы 7500 теңге болса, жеңілдетілген бағдарлама бойынша зейнеткерлер, мүгедектер мен халықтың кейбір тобы оның тоннасын 7050 теңгеден сатып алатын болады.

Отынды тамыз айының ортасына дейін сатып алып қойған жөн.

- Біріншіден, 15 тамызға дейін энерготасымалдаушылар бағаны көтеріп жіберуі мүмкін. Екіншіден, биыл біз көмір түсіру бойынша артта қалып келеміз. Көмір тасымалдаушы вагондар жетпей қала ма деген қорқыныш бар, - деді «Қаражыра» ЖШС директоры Марғұлан Мақышев.

Қала әкімдігі көмір тасымалдау мен өтініштер қабылдау сұрақтары жақын уақытта шешімін табатындығын мәлімдеді.

- Жергілікті өзін өзі басқару комитеттеріне осы үрдісті ерекше бақылауға алуды тапсырылады. Барлығы шұғыл шешілетін болады, - деді Өскемен қаласының әкімі Ерлан Аймұқашев.

«Қаражыра» ЖШС облыс орталығына осымен үшінші жыл көмір тасымалдаумен айналысып келеді. 2009 жылдан бері облыс орталығының 45 мың тұрғынына жалпы сомасы 20 миллион теңгеге әлеуметтік көмек көрсетілді.

Следующая →