Қант бағасы қасақана қымбаттатылды
ҚР Ұлттық Экономика министрлігі қаттың бағасы өткен жылдың желтоқсан айымен салыстырғанда 25,5%-ға өскенін айтып, бұл жағдайды қарастырмақшы
Фото:
В. Иванов
Шығыс Қазақстан облысында қанттың бағасын ақылдаса көтергендерге қатысты ақпараттар енді ғана жиналып жатса, Қарағандыда қанттың толайым және жекелей саудасына қатысты монополияға қарсы заңның бұзылуы қарастырылып жатыр.
- Монополияға қарсы органның соңғы ақпараттарына сәйкес, бүгінгі таңда қанттың көлемі негізсіз шектетіліп, бағасының алып-сатарлармен көтерілуі байқалып отыр. Қарағанды облысында зерттеу жұмыстары басталды. Дәл осындай істер алдағы уақытта өзге аудандарда да қаралады, - деп хабарлады Ұлттық экономика министрлігінің баспасөз қызметі.
Қант бағасын қымбаттатудан бөлек, саудагерлер өзге де айла-қулықтарды пайдаланып жүр.
- Жуырда «Өскемен-қант» мекемесінің сауда өкілі егер біз бір мөшек қантпен бір қорап прәндік алатын болсақ, бізге қанттың келісін 270 теңгеден сататынын айтты, - деді Өскемен қаласындағы «Берег» дүкенінің иесі Ольга Черепанова.
Бастапқыда сатушылар мұндай ұсынысты қалжынға қабылдағанымен, артынан бұл басшылықтарының бұйрығы екенін ұғынған. Саудагердің сөзіне сенсек, жаз мезгілінде прәндіктер көп өтпейді. Оның үстіне сапасы да белгісіз.
Осы аралықта мұндай ұсынысты монополияға қарсы ұйым да естіп, қызығушылықтарын танытып отыр.
- Бұл саудагерге өз өнімін тықпалау және ықылассыз бәсекелестік. Біз бұл жағдайға қатысты тексеру жүргіземіз, - деді ҚР ҰЭМ Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау комитетінің ШҚО бойынша департаменті басшысының орынбасары Людмила Устьянцева.
Биыл жеміс-жидектің мол өнім беруі, тосаптар қайнатуға негіз болып отыр. Ал бұл өз кезегінде қантқа деген сұранысты арттыруда. Осыған орай облыс әкімдігі қанттың бағасын қатаң бақылауға алды.
Ақерке Рағызбаева
Следующая →

Тақырыптар:
Қант бағасы қасақана қымбаттатылды