Өскемен
малооблачно
-13°
  • Өскемен
    -13°
  • Алматы
    +2°
  • Астана
    -6°
  • Ақтөбе
    -2°
  • Актау
    +8°
  • Орал
    +1°
  • Қарағанды
    -3°
  • Көкшетау
    -9°
  • Қостанай
    -7°
  • Қызылорда
    +2°
  • Павлодар
    -11°
  • Петропавловск
    -9°
  • Тараз
    -3°
  • Туркестан
    +1°
  • Шымкент
    +3°
$
498.34
519.72
¥
68.79
4.85
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Қазақстан Қазақстан
Ақпарат көзі:
Алдаспан

Авторлық құқық иелерінің құқықтарын кім бақылайды?

Алдағы уақытта авторлық құқық иелеріне төленетін сыйақылардың төленуі қатаң бақыланатын болады

Новости Казахстана / Авторлық құқық иелерінің құқықтарын кім бақылайды?
Фото:
vk.com
Бұл туралы Әділет министрлігі Астана қаласында өткізген конференция барысында әртістерге авторлық құқықтың аясында төленетін пайыздық мөлшерлердің төленуін қатаң бақылауға алатынын хабарлады.

Танымал жұлдыздардың әндерін дәмхана мен мейрамханада қосқаны үшін мекеме иелері әртістерге арнайы бекітілген пайыздық төлемдерді төлеуі керек.

Авторлық құқық иелеріне берілетін сыйақы

Соңғы 2 айда елімізде екі жарым мыңнан әндеріне, өлеңдері мен әуендеріне, графикалық логотиптерге авторлық құқық тіркелді. Яғни әнші, жазушы, композиторлар өздерінің туындылары үшін арнайы сыйақы ала алатын болады.

- Кез келген автор туындыларын пайдаланушы туындылардың сипатына немесе оны пайдалану ерекшеліктеріне қарай автормен немесе автордың сыйақы алуға құқықтарын жүзеге асырушы мүліктік құқықтарды ұжымдық негізде басқаратын ұйыммен жасалған шарт негізінде сыйақы төлеу міндетті, - деп түсіндірді ШҚО Әділет департаменті басшысының орынбасары Асқарбек Белгібаев.

Өткен жылы авторлық құқық үшін төленген сыйақының жалпы мөлшері 800 млн теңгеден асты. Ал авторлық құқықтық бұзған ірі деген 7 интернет-ресурстардың жұмысы бұғатталды.

Заң алдында жауап береді

Авторлық құқықты сақтамаған азаматтар заң алдында жауапқа тартылатын болады. Яғни, авторлық немесе сабақтас құқық иелерінің туындыларын заңсыз пайдаланған, оның контрафактілік даналарын өткізу мақсатында иемденген, сақтаған азаматтар 100 айлық есептік көрсеткішіндегі айыппұлды төлейді немесе сол мөлшердегі түзеу жұмыстарына жіберіледі. Сонымен қатар, 121 сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартылады.

- Дәл осы әрекеттер бірнеше рет қайталанатын болса, заңбұзушыға 300 АЕК айыппұл салынады не сол мөлшердегі түзету жұмыстарына жіберіледі не 240 сағатқа дейінгі қоғамдық жұмыстарға тартылады не 5 тәулікке қамаққа алынады, - деді Асқарбек Белгібаев.

Мұның барлығы Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 198-бабында көрсетілген.

Кім бақылауға міндетті?

Республикалық БАҚ өкілдері Әділет министрлігі Астана қаласында өткізген конференция барысында әртістерге авторлық құқықтың аясында төленетін пайыздық мөлшерлердің төленуін қатаң бақылауға алатынын хабарлады.

- Неге шетелдік әншілердің концерттері жоғары деңгейде өтеді? Өйткені олардың киетін костюмдерінен бастап, ұйымдастырылуына дейін жақсы. Мұның барлығы қаражатқа келіп тіреледі. Біз авторлардың әндерін көбірек қолданып, сол қолданғанымыз үшін төлесек, сәйкесінше олардың жаңа, жарқын нөмірлері пайда болып, еліміздің және өзге елдердің көрермендерін тәнті ететін болады, - деп атап өтті ҚР Әділет министрлігінің жеке мүлік бойынша департаментінің директоры Абзал Естаев.

Алайда жергілікті Әділет департаментінде мұндай бақылау олардың құзыретіне жатпайтыны айтылды.

- Авторлық құқық және сабақтастық құқық туындыларын пайдаланатын Өскемен қаласындағы дәмхана мен барларға статистикалық есеп жүргізу және олардың авторлық туындыларды пайдалануына бақылау жүргізу Әділет департаменті құзыретіне жатпайды, - деді ШҚО Әділет департаменті басшысының орынбасары Асқарбек Белгібаев.

Дегенмен департамент басшысының орынбасары авторлық құқық және сабақтастық құқықтардың бұзылуын бақылау Қазақстан Республикасының 2014 жылдың 3 шілдесіндегі ҚР Қылмыстық кодексі арқылы жүзеге асырылатындықтан 2015 жылдан бастап бақылау жүргізу ішкі істердің құзыретіне берілгендігін атап өтті.

Ерке Биғазина
Следующая →