Согралықтардың жол мәселесі жақын уақытта шешілмек
«Нұр Отан» партиясы Өскемен қалалық филиалының қоғамдық қабылдауы Согра ауданындағы Свобода көшесінен Национальная көшесі аралығында рейд ұйымдастырды
Фото:
автордікі
Аудан іргесі қалана бастаған сәтте Свобода көшесінен Абай даңғылына тікелей шығатын жол болған. Қазіргі таңда сол жолдың үстінен жер үй тұрғызылып жатыр. Қаншама жылдар бойы қатынап келген жолдың жабылып қалғанына тұрғылықты халық наразылық білдіріп, Национальная көшесі, одан ары Абай даңғылына шығу мұңға айналғанын айтуда. Өйткені айналма жолмен қатынаудан басқа амалдары қалмай отыр. Алайда, тұрғызылып жатқан үйдің құрылысы мен құжаттары түгел заңды.
- Біз бұл азаматты да түсінеміз. Оған баспана қажет болса, осы ауданның тұрғындарына қатынайтын жол керек. Сол себепті ешкімге зиян тимейтіндей шешім қабылдануы керек, - дейді №5 ЖӨБК аймақтық өзін-өзі басқару кеңесінің төрағасы Владимир Кучерявенко.
Өскемен қаласы архитектура және қала құрылысы бөлімі мамандарының айтуынша бұл жер телімі 2007 жылы бөлінген. Ал 2009 жылы қабылданған бас жобада бұл жол көрсетілмеген. Қазір ол жерде үй тұрғызып жатқан азамат жердің үшінші иесі екен.
Былай тартсаң өгіз өледі, былай тартсаң арба сынадының мәселесін жиналғандар өзара шешуге тырысты. Ол үшін тұрғызылып жатқан үй жанынан 25 метр қашықтықта екі көшенің қатынауы үшін жол салуға болады деп шешті жиналғандар. Бұл үшін жалғыз кедергі - сол жол салынатын аумақта тағы бір учаске тұр. Осы учаскенің иесін тауып, оның учаскесі ары қарай жылжытылмақ. Яғни, жол салу үшін кеңістік босатылмақ.
- Бұл жолдың құрылысын қала бюджетінің есебінен қарастыруға ұзақ уақыт кететіні белгілі. Сондықтан да барлығын өз күшімізбен атқаруға тырысамыз. Тіпті, тұрғын үй иесі техникамен көмек беретінін айтты. Алайда осы жол құрылысына кеңістік бөлініп, оның құжаттары заңдастырылуы керек, - деді Владимир Кучерявенко.
«Нұр Отан» партиясының Өскемен қалалық филиалы төрағасының орынбасары Екібасова Майраш қалалық архитектура және қала құрылысы бөлімі мен жер қатынастары және ауылшаруашылығы бөлімінің мамандарына алдағы уақытта салуға жоспарлаған жолдың қазіргі орнында тұрған жер телімінің иесін тауып, салынатын жолдың сызбасын сызу туралы ұсыныс білдірді.
Құжат мәселесі бір ай көлемінде шешіліп, қысқа дейін жол құрылысы аяқталып қалуы керек деп жоспарлады жиналғандар.
Рейд барысында тағы бірнеше мәселенің ұшы шықты. Майраш
Шайзадақызының айтуынша, осы аудандағы үйлер еш жобасыз, архитектуралық жоспарлы тапсырмасыз-ақ салынып жатыр. Сонымен қатар тұрғын үйлердің жанынан темір көлікжайлар ретсіз, әрі рұқсатсыз салынған.
Рейдке жиналған тұрғындар бір кездері балаларға арналған баскетбол алаңы тұрғызылған жерге белгісіз бір азаматтың тұрғын үй салып алғанын айтты. Тіпті, үй футбол алаңынан екі-ақ метр қашықтықта орналасқан. Ойын алаңдары қалалық бағдарлама бойынша салынған уақытта алаң орналасқан жер телімі заңдастырылмаған көрінеді. Енді сол себепті осындай мәселе туындап отыр. «Нұр Отан» партиясының Өскемен қалалық филиалы төрағасының орынбасары Екібасова Майраш осы сұрақ бойынша жауапты органдарға хат жолданатындығын айтты.
Назерке Кәрімова
Следующая →