Өңіріміздегі археологиялық зерттеу жұмыстары қолға алынды
Шығыс Қазақстан облысындағы Абылай кит, Берел және Шілікті қорғандары зерттеліп, қалпына келтірілетін болады
Фото:
catv24.com
Археологиялық ескерткіштер арқылы өңірімізге келетін туристердің санын көбейту, туризмді дамыту, археологиялық ескерткіштерді қалпына келтіріп, тарихи-мәдени құндылықтарды дәріптеу негізгі бағытқа алынып отыр.
- ШҚО әкімі Даниал Кенжетайұлының тапсырмасы бойынша өңіріміздегі археологиялық, ғылыми-зерттеу жұмыстарын дамыту жоспарымен оны жүзеге асыру жұмыстары басталды. Осы жоспар аясында зерттеулер 3 жыл жүргізіледі, - деді ШҚО мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасы басшысының міндетін атқарушы Раушан Нұрмұханова.
2016-2018 жылдары жүргізілетін археологиялық зерттеу жұмыстарына 100 млн теңге қаражат бөлінді. Жоба 3 кезең бойынша жүзеге асырылады.
- Археологиялық зерттеулер, халықаралық археологиялық форум және жариялымдар. Осы жобаның негізгі мақсаты тарихи-мәдени жәдігерлерді зерттеу және сақтау, табиғи, тарихи-мәдени құндылықтарды баршаға қол жетімді ету, туризмді дамыту, - деп атап өтті Раушан Қапасқызы.
Тарих ғылымдарының докторы, профессор, Ә.Х. Марғұлан атындағы археология институтының бас ғылыми қызметкері Карл Байқапов Ұлан ауданындағы «Абылай кит», Тарих ғылымдарының докторы, профессор, Ә.Х. Марғұлан атындағы археология институтының бас ғылыми қызметкері Зейнулла Самашев Катонқарағай ауданындағы «Берел», Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің тарих ғылымдарының докторы, профессор Әбдеш Төлеубаев Зайсан ауданындағы «Шілікті» қорғандарында зерттеу жұмыстарын жүргізетін болады. Зерттеу жұмыстарына шетелдің білікті археологтары мен С. Аманжолов атындағы ШҚМУ-дан 150-ге жуық студенттер жұмылдырылады. Археологиялық қазба жұмыстарының жүргізілу барысы туралы деректі фильм түсіріледі.
Ақерке Рағызбаева
Следующая →