Мамандар шомылу маусымында аса абай болуға шақырады
Статистикаға сүйенсек суда орын алатын оқыс оқиғалардың 70 пайызы ішімдікке мас болудың салдарынан туындайды
Фото:
fotokto.ru
Маусым айының 1-ші жұлдызынан шомылу маусымы бастлды. Соған орай, қалалық ТЖБ азаматтық қорғаныс бөлімшесі, қалалық әкімшілік өкілдерінен құрылған арнайы комиссия жағажайларды аралап, олардың демалушыларды қабылдауға әзірлігін тескерді. Тексеріс нәтижесі көрсеткендей, олардың ешбірі шомылу маусымына дайын емес болып шықты. Қала бойынша шомылуға рұқсат етілген үш жағажай бар. Алайда комиссия ағымдағы айдың 30-шы жұлдызына дейін уақыт берді, қазір жағажайларда талапқа сай іс-шаралар жүргізілуде.
Мамандардың айтуынша оқыс оқиғалардың көбі адамдардың жабдықталмаған, тексерілмеген жерлерде суға түсуінен, балаларды қараусыз қалдыру және суда жүзе білмегендіктен болады.
- Өткен жылдың көрсеткіштерін сараптап қарасақ, судағы қайғылы жағдайлардың көбі шомылу маусымында орын алады, - деді қалалық ТЖБ азаматтық қорғаныс бөлімінің басшысы Валентин Литвиненко. - 2015 жылы шомылу маусымында Өскеменде 9 адам суға батып кеткен. Оның үшеуі кәмелетке толмаған балалар.
2015 жылы адамдардың рұқсат етілмеген жерде суға түсіп жүрген 5 орын анықталған болатын. Ал биыл сол орындарда суға түсуге болмайтындығын білдіретін белгілер орнатылмақ.
Сонымен қатар, қала әкімі жергілікті полиция қызметкерлеріне жағажайда ішімдік ішіп, мас күйінде жүрген азаматтарды әкімшілік жауапкершілікке тарту туралы тапсырма берді. Өйткені, суда орын алатын оқыс оқиғалардың 70 пайызы ішімдікке мас болған азаматтардың суға түсуінен болатын көрінеді.
Мамандар тек арнайы рұқсат етілген орындарда ғана суға түсуге шақырады. Сонымен қатар, судағы қауіпсіздік шараларын сақтап, балаларды бір сәтке де қараусыз қалдырмауды талап етеді.
Назерке Кәрімова
Следующая →