Өскемендегі жаңа ЖЭО 2029 жылдың соңында іске қосылмақ
Семей және Өскемен қалаларында ЖЭО салу бойынша Сингапурмен келісімшарттар жасалды

Бұл туралы Үкімет отырысында "Самұрық-Энерго" компаниясының басқарма төрағасы мәлімдеді, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.
Қазақстанда көмір генерациясының жаңа қуат көздері салынып жатыр, яғни "Самұрық-Энерго" 4 ірі жобаны жүзеге асыруда. Бұл дегеніміз - №3 және №4 энергия блоктарын әске қосу ақылы Екібастұз МАЭС-2-ні кеңейту, сондай-ақ Көкшетау, Семей және Өскеменде ЖЭО салу.
Екібастұз МАЭС-2-де әрқайсысының қуаты 550 МВт болатын №3 және №4 энергия блоктарын салу жобасы жүзеге асырылуда. Олар тиісінше 2028 және 2030 жылдары іске қосылады. Қазіргі уақытта қазақстандық консорциуммен EPC-келісімшарт жасалды, 2 нысанның жобалау-сметалық құжаттамасын әзірлеу аяқталды, - деді "Самұрық-Энерго" компаниясының басқарма төрағасы Қайрат Мақсұтов.
Көкшетауда қуаттылығы сағатына 820 Гкал болатын жаңа ЖЭО-ның құрылысы жүріп жатыр. Нысанда коммуникациялар тартылған, инфрақұрылым дайындалуда және бетон торабының құрылысы жалғасуда. Жабдықтарды жеткізу 2027 жылы басталып, станса 2029 жылдың I тоқсанында іске қосылмақ.
Ал Семей және Өскемен қалаларында ЖЭО құрылысының жобалары жүзеге асырылуда. Қазақстан-Сингапур консорциумымен EPC-келісімшарттар жасалды. Стансаларды іске қосу 2029 жылдың IV тоқсанына жоспарланған.
Жиында барлық жобалар энергия тапшылығын жоюға және елді тұрақты электр энергиясымен қамтамасыз етуге бағытталғаны атап өтілді.
Осылайша, "Самұрық-Энерго" АҚ Президент пен Үкіметтің тапсырмаларын орындау шеңберінде көмір өндіру жобаларын уақтылы жүзеге асыруды қамтамасыз етеді, - деп атап өтті Қайрат Мақсұтов.