Өскемен
Бұлтты
+13°
  • Өскемен
    +13°
  • Семей
    +15°
  • Алматы
    +23°
  • Риддер
    +12°
  • Астана
    +18°
  • Ақтөбе
    +11°
  • Ақтау
    +16°
  • Атырау
    +16°
  • Қарағанды
    +20°
  • Көкшетау
    +10°
  • Қостанай
    +12°
  • Қызылорда
    +18°
  • Павлодар
    +15°
  • Петропавловск
    +14°
  • Тараз
    +18°
  • Түркістан
    +22°
  • Орал
    +17°
  • Шымкент
    +17°
$
466.33
-4.13
538.47
-4.63
¥
67.76
-0.62
5.9
+0.04
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Үкімет басшысы Конституция қағидаттарын оқу бағдарламасына енгізуді тапсырды

Олжас Бектенов мемлекеттік органдарға ҚР Конституциясын түсіндіру жөніндегі іс-шаралар жоспарының жүзеге асырылуын қамтамасыз етуді тапсырды

Новости Казахстана / Үкімет басшысы Конституция қағидаттарын оқу бағдарламасына енгізуді тапсырды
Фото:
t.me/KZgovernment

Конституцияны түсіндіру жөнінде іс-шаралар жоспары бекітілген, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.

Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес Үкімет еліміздің Конституциясын түсіндіру жөніндегі іс-шаралар жоспарын бекітті. Қазіргі таңда сарапшылар мен қоғам қайраткерлерінің қатысуымен Конституцияның барлық новеллалары бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жүйелі түрде жүргізілуде, - деп атап өтті Олжас Бектенов. 

Премьер-министр мемлекеттік органдарға бірқатар тапсырма берді. 

Мәдениет және ақпарат министрлігі уәкілетті мемлекеттік органдармен және ұйымдармен бірлесіп, осы бағытта жоспарлы жұмысты одан әрі жалғастыруы қажет. Оқу-ағарту, Ғылым және жоғары білім министрліктері халықтың құқықтық сауаттылығын қалыптастыру жөніндегі кешенді бағдарламаны уақтылы әзірлеп, Конституцияның тың қағидаттарын мектептер мен колледждердің және университеттердің үлгілік оқу бағдарламаларына енгізуді қамтамасыз етуге тиіс, - деп атап өтті Үкімет басшысы. 

Сондай-ақ заңнаманы талдау жүргізіп, бағдарламалық құжаттарды өзектендіру жұмыстарын аяқтау тапсырылды. 

Жаңа Конституция нормаларын ескере отырып, белгіленген мерзімдерде қолданыстағы заңнамаға кешенді талдау жүргізіп, барлық заңдар мен бағдарламалық құжаттарды өзектендіру жұмыстарын аяқтау қажет. Барлық орталық және жергілікті атқарушы мемлекеттік органдарға Іс-шаралар жоспарын жүзеге асыруды қамтамасыз етуді тапсырамын, - деп атап өтті Олжас Бектенов.

Следующая →