Өскемен
Бұлтты
+10°
  • Өскемен
    +10°
  • Семей
    +13°
  • Алматы
    +22°
  • Риддер
    +7°
  • Астана
    +17°
  • Ақтөбе
    +20°
  • Ақтау
    +19°
  • Атырау
    +17°
  • Қарағанды
    +18°
  • Көкшетау
    +14°
  • Қостанай
    +18°
  • Қызылорда
    +23°
  • Павлодар
    +15°
  • Петропавловск
    +14°
  • Тараз
    +22°
  • Түркістан
    +23°
  • Орал
    +11°
  • Шымкент
    +23°
$
470.46
543.1
¥
68.38
5.86
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Тәуелсіздік алғалы қазақстандықтардың күтілетін өмір сүру ұзақтығы артқан

Қазақстандықтардың күтілетін өмір сүру ұзақтығы бүгінде (КӨҰ) 75,97 жасқа жетіп, тәуелсіз мемлекеттің тарихындағы абсолютті рекордты құрады

Новости Казахстана / Тәуелсіздік алғалы қазақстандықтардың күтілетін өмір сүру ұзақтығы артқан
Фото:
pexels

ҚР Денсаулық сақтау министрлігі мәлімдегендей, 1991 жылдан бастап 2025 жылды қоса алғандағы кезеңдегі демографиялық деректерді талдау халықтың өмір сүру сапасы мен денсаулық жағдайында түбегейлі өзгергенін көрсетеді, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.

Тәуелсіздіктің алғашқы жылдарында, 1991 жылы, КӨҰ орташа көрсеткіші 67,6 жасты (2001 жыл – 65,6, 2011 жыл – 68,98, 2021 жыл – 70,23) құрады. Осылайша, үш жарым онжылдық ішінде ел азаматтарының орташа өмір сүру ұзақтығы 8 жылдан астам уақытқа артты, - делінген министрлік ақпаратында. - Өмір сүру ұзақтығына әсер ететін маңызды факторлардың бірі – инфекциялық емес аурулармен (ИЕА) күрес бойынша іске асырылып жатқан шаралар.

2025 жылы Қазақстан Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының Еуропалық өңірінде инфекциялық емес аурулардан болатын өлімді 25%-ға төмендеткен елдердің алғашқы ондығына енді. Бұл көрсеткіш ДДҰ-ның Еуропалық жұмыс бағдарламасының нысаналы индикаторы.

Оң динамика денсаулық сақтау жүйесін дамыту, халықтың өмір сапасын жақсарту және өлімді төмендету бойынша мемлекеттік бағдарламалардың тиімділігін айғақтайды.

Қазақстан Үкіметі 2029 жылға дейінгі денсаулық сақтауды дамыту тұжырымдамасы шеңберінде елдегі күтілетін өмір сүру ұзақтығын 77 жасқа дейін жеткізу жөнінде өршіл мақсат қойып отыр.

Следующая →