Кәсіпкерлерге айыппұл салған шенеуніктердің өздері айыппұл арқалады
Мемлекеттік кірістер басқармасы Арал және Жаңақорған ауданындағы инвесторларды заңсыз әкімшілік жауапкершілікке тартқан

Прокуратураның наразылығы негізінде барлық заңсыз шешімдердің күші жойылды, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.
Қызылорда облысының прокуратурасы Инвесторлардың құқықтарын қорғау комитетінің үйлестіруімен инвесторларды әкімшілік жауаптылыққа заңсыз тарту деректерін анықтады. Бұзушылықтар Инвесторлардың құқықтарын қорғау саласындағы заңнаманың сақталуын талдау барысында анықталды.
Нақтылағанда, Арал ауданында Мемлекеттік кірістер басқармасы прокурордың міндетті келісімінсіз инвесторды ӘҚБтК-ның 279-бабымен әкімшілік жауаптылыққа тартқан, - делінген Қызылорда облысының прокуратурасының ақпаратында. - Осыған ұқсас бұзушылықтар Жаңақорған ауданында да тіркеліп, инвесторға қатысты бес әкімшілік іс бойынша айыппұл заңсыз салынған.
Прокуратураның наразылығы негізінде барлық заңсыз шешімдердің күші жойылды.
Заң бұзушылықтарға жол берген лауазымды тұлғаларға қатысты әкімшілік істер қозғалды. Кәсіпкерлік қызметке заңсыз араласқаны үшін олар ӘҚБтК-ның 173-бабы бойынша әкімшілік жауаптылыққа тартылды. Бұл ретте мұндай әрекеттер үшін 100 АЕК мөлшерінде айыппұл түріндегі әкімшілік жауаптылық көзделгенін айта кету керек, - деп мәлімдеді Қызылорда облысының прокуратурасы.