Өскемен
Бұлтты
+3°
  • Өскемен
    +3°
  • Семей
    +3°
  • Алматы
    +14°
  • Риддер
    +2°
  • Астана
    -3°
  • Ақтөбе
    +6°
  • Ақтау
    +15°
  • Атырау
    +15°
  • Қарағанды
  • Көкшетау
    +8°
  • Қостанай
    +2°
  • Қызылорда
    +19°
  • Павлодар
  • Петропавловск
    +3°
  • Тараз
    +15°
  • Түркістан
    +18°
  • Орал
    +1°
  • Шымкент
    +16°
$
482.32
-0.17
553.37
-3.38
¥
69.9
-0.30
5.63
-0.16
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Балабақшалар мен колледждерде медиация қызметтері құрылады

Бұл балалар, студенттер, педагогтер мен ата-аналар арасындағы түсініспеушіліктерді бейбіт жолмен шешуге мүмкіндік береді және буллингтің алдын алады

Новости Казахстана / Балабақшалар мен колледждерде медиация қызметтері құрылады
Фото:
ortcom.kz

ҚР Оқу-ағарту министрлігі барлық мектепке дейінгі, сондай-ақ техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарында медиация жүйесін іске қосуда, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.

Балабақшаларда аталған құрылым тәрбиешілер мен ата-аналарға бүлдіршіндер арасындағы келіспеушіліктерді реттеуге көмектеседі. Сондай-ақ, балалардың бойында кішкентай кезінен бастап тіл табысу, бөлісе білу, ортақ мәмілеге келу және жанжалдардан бейбіт жолмен шығу дағдыларын қалыптастырады, - деп мәлімдеді министрліктің баспасөз қызметі. - Колледждерде бұл тетік студенттер арасындағы араздықты шешуге, қорлық көрсету жағдайларына жол бермеуге және білім алушылар арасындағы қақтығыстарды азайтуға септігін тигізеді.

Жұмыс барысы біркелкі болуы үшін Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы әзірлеген әдістемелік ұсынымдар мен ережелер негізге алынады. Онда дауларды шешу мен агрессияның алдын алудың нақты жолдары көрсетілген.

Медиация тобының құрамына директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары, педагог-психологтар, әлеуметтік мамандар, ата-аналар, қоғамдық ұйым өкілдері, сондай-ақ жас ерекшелігіне қарай білім алушылардың өздері де кіреді.

Мұндай тәжірибе бұған дейін "100 медиативтік мектеп" жобасы аясында енгізілген болатын. Ол дау-дамайлардың алдын алуда және оқушылар арасындағы жағымды психологиялық ахуалды қалыптастыруда өз тиімділігін дәлелдеді.

Следующая →