Өскемен
Қалың бұлтты
-7°
  • Өскемен
    -7°
  • Семей
    -3°
  • Алматы
    +2°
  • Риддер
    -3°
  • Астана
    -11°
  • Ақтөбе
    -2°
  • Ақтау
    +11°
  • Атырау
    +7°
  • Қарағанды
    -6°
  • Көкшетау
    -2°
  • Қостанай
    -4°
  • Қызылорда
    +7°
  • Павлодар
    -3°
  • Петропавловск
  • Тараз
    +3°
  • Түркістан
    +12°
  • Орал
    -2°
  • Шымкент
    +9°
$
482.33
+0.01
557.57
+4.20
¥
70.05
+0.15
5.74
+0.11
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Көкшетауды абаттандыруға қаржы бөлінген, бірақ жұмыстар атқарылмаған

Су бұру жүйесінің негізін дайындау, арық блоктарын орнату, кәріз-сорғы станциясын жеткізу және монтаждау жұмыстары нақты орындалмаған 

Новости Казахстана / Көкшетауды абаттандыруға қаржы бөлінген, бірақ жұмыстар атқарылмаған
Фото:
t.me/afm_rk

Алайда құрылыс бөлімінің басшысы жалған актілерге қол қойып, мердігер ұйымдарға атқарылмаған жұмыс үшін ақы төленген, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.

ҚМА Ақмола облысы бойынша департаменті Көкшетау қаласында инженерлік желілер мен абаттандыру нысандарын салуға бөлінген бюджет қаражатын жымқыру фактісі бойынша тергеу жүргізуде.

2020 жылы Көкшетау қаласының құрылыс бөлімі мен мердігер ұйымдар - "TAU PROJEKT" ЖШС және "СЭМ-СтройЭнергоМонтаж" ЖШС арасында бекітілген жобалық-сметалық құжаттама аясында құрылыс-монтаж жұмыстарын орындау және техникалық қадағалау жөнінде келісімшарттар жасалған, - деп мәлімдеді агенттік. - Алайда мердігер компаниялардың бенефициары орындалған жұмыс көлемін әдейі арттыру схемасын ұйымдастырған. Қабылдау актілеріне іс жүзінде орындалмаған немесе толық орындалмаған жұмыстар туралы жалған мәліметтер енгізілген.

Соның салдарынан құжат жүзінде расталғанымен, су бұру жүйесінің негізін дайындау, арық блоктарын орнату, кәріз-сорғы станциясын жеткізу және монтаждау жұмыстары нақты орындалмаған.

Өз кезегінде Құрылыс бөлімінің басшысы нақты орындалған жұмыс көлемі жобалық шешімдерге сәйкес келмейтінін біле тұра, жалған актілерге қол қоюды қамтамасыз етіп, қаржыландыруды тоқтату және шарттарды бұзу шараларын қабылдамаған. Қол қойылған құжаттар негізінде мердігер ұйымдарға бюджет қаражаты аударылып, кейін оларды заңдастыру мақсатында қаражат "MAZHERUS" ЖШС және "Tamila Invest" ЖШС арқылы қайта бөлінген, - деплінген агенттік ақпаратында.

Мемлекетке келтірілген залал 160 млн теңгеден асты.

Сот санкциясымен күдіктілердің мүлкіне, оның ішінде 10 автокөлікке, 3 жер учаскесіне және бір пәтерге тыйым салынды.

Күдіктілерге қатысты қамауға алу және үйқамақ түріндегі бұлтартпау шаралары қолданылды.

Тергеу жалғасуда.

Следующая →
Біздің Telegram арнамыздағы ең маңызды нәрселер
Тақырыптар: ҚМА Көкшетау қаласы Бюджет қаражатын жымқыру