Өскемен
Қалың бұлтты
-5°
  • Өскемен
    -5°
  • Семей
    -4°
  • Алматы
    +8°
  • Риддер
    +5°
  • Астана
    -3°
  • Ақтөбе
    +2°
  • Ақтау
    +11°
  • Атырау
    +8°
  • Қарағанды
    -2°
  • Көкшетау
    +4°
  • Қостанай
  • Қызылорда
    +13°
  • Павлодар
    -1°
  • Петропавловск
    -1°
  • Тараз
    +9°
  • Түркістан
    +18°
  • Орал
    -1°
  • Шымкент
    +17°
$
479.02
-7.18
551.11
-6.71
¥
69.56
-0.95
5.82
-0.18
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Биыл 3,3 мыңға жуық этникалық қазақ елге оралды

Жыл басынан бері 3 335 этникалық қазақ тарихи отанымен табысып, қандас мәртебесін алды

Новости Казахстана / Биыл 3,3 мыңға жуық этникалық қазақ елге оралды
Фото:
depositphotos.com

Олардың жартысы Қытайдан келген, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі мәлімдегендей, жалпы 1991 жылдан бері республикаға 1 млн 168,2 мың этникалық қазақ оралды. Жыл басынан Қазақстанға келген қандастардың жартысы (47,8%) Қытайдан, 43,6% – Өзбекстаннан, 2,7% – Түрікменстаннан, 2% – Ресейден, 2,2% – Монғолиядан  және 1,7 – басқа елдерден тіркелді.

Қоныс аударған этникалық қазақтар республиканың түрлі өңірлеріне қоныстанды, - деп хабарлады министрлік. - Сонымен бірге, қандастарды қоныстандыру үшін келесідей еңбек күші тапшы өңірлер анықталды: Ақмола, Абай, Қостанай, Павлодар, Атырау, Батыс, Шығыс және Солтүстік Қазақстан облыстары. Қоныстандыру өңірлерінде 2026 жылға арналған қандастарды қабылдау квотасы 2 281 адамды құрайды. 2026 жылдың 2 айының қорытындысы бойынша аталған өңірлерге 569 қандас қоныстанды.

Жоғарыда аталған өңірлерде қоныстанған қандастарға көшуге субсидия түрінде мемлекеттік қолдау шаралары ұсынылған – бір мезгілде отағасына және отбасының әрбір мүшесіне 70 АЕК (302,8 мың теңге) мөлшерінде; тұрғын үй жалдауға және коммуналдық қызметтерге ақы төлеуге – бір жыл ішінде 15-тен 30 АЕК (64,9-ден 129,8 мың теңгеге дейін) мөлшерінде.

Жыл басынан бері 139 қандасқа түрлі қолдау шаралары көрсетілді. Атап айтқанда, 108 адам тұрақты жұмысқа орналастырылды.

Сонымен қатар ерікті қоныс аударудың тиімділігін арттыру мақсатында азаматтарды солтүстік өңірлерге қоныс аударуға қатысатын жұмыс берушілерді қолдау бойынша институционалдық шаралар қабылданды. Тұрғын үй сатып алу үшін экономикалық мобильділігі сертификаты 1 625 АЕК немесе бір отбасына 7 млн теңгеге дейін мөлшерінде біржолғы өтеусіз негізде енгізілді.

Следующая →
Біздің Telegram арнамыздағы ең маңызды нәрселер
Тақырыптар: Қандас 3 3 мың этникалық қазақ оралды 2026 жыл