Референдум нәтижесіне әсер етуі мүмкін заңбұзушылықтар анықталған жоқ
Түркия Ұлы Ұлттық Жиналысының миссия мүшелері Астана, Алматы және Түркістан қалаларындағы 115 сайлау учаскесіне барған

Ол Түркітілдес мемлекеттердің Парламенттік ассамблеясының байқаушылар құрамына кіреді, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.
Миссия байқаушылары барлық процесс кәсіби, өте жоғары деңгейде өтті деген қорытындыға келді. Дауыс берушілерге қажетті ақпарат толық ұсынылды. Біздің тарапымыздан референдум нәтижесіне әсер етуі мүмкін ешқандай заң бұзушылық анықталған жоқ. Миссия мүгедектігі бар азаматтар үшін қабылданған шараларды оң бағалайды. Сондай-ақ халықаралық байқаушылардың жұмыс істеуіне арналған Қазақстандағы құқықтық жағдайға жоғары баға береді. Миссия 2026 жылғы 15 наурызда өткен референдум Қазақстан Республикасының ұлттық заңнамасына және халықаралық стандарттарға сәйкес өткізілді деген қорытындыға келді, – деді миссия мүшесі Осман Местен Халықаралық байқаушыларға қолғабыс көрсету орталығында өткен баспасөз конференциясында.