Өскемен
Бұлтты
-8°
  • Өскемен
    -8°
  • Семей
    -8°
  • Алматы
    -5°
  • Риддер
    -12°
  • Астана
    -4°
  • Ақтөбе
    +2°
  • Ақтау
    +3°
  • Атырау
    +1°
  • Қарағанды
    -7°
  • Көкшетау
  • Қостанай
    -3°
  • Қызылорда
    -2°
  • Павлодар
    -4°
  • Петропавловск
  • Тараз
    -4°
  • Түркістан
    +1°
  • Орал
  • Шымкент
    -2°
$
489.39
-2.20
567.99
-4.17
¥
71.28
-0.24
6.19
-0.05
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Биылдан бастап ауылдық округтер қосымша табыс көзіне ие болмақ

Президент аймақтар өз бюджетін мұқият жоспарлап, табысын арттыруға баса мән беруі тиіс екенін атап өтті

Новости Казахстана / Биылдан бастап ауылдық округтер қосымша табыс көзіне ие болмақ
Фото:
Ақорда

Былтыр ауылдық округтердің бюджеті 442 миллиард теңгеден асқан, бұл қаражаттың үштен бірі – елді мекендердің өз табысы. Ал еліміздегі ауылдық округтердің орташа бюджеті 190 миллион теңгеге жеткен, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.

Биылдан бастап ауылдық округтер қосымша табыс көзіне ие болмақ. Атап айтқанда, кең таралған пайдалы қазбалар өндірісіне, жерасты сулары мен емдік балшықтарды пайдалануға салынатын салықты өздері жинап, қажетіне жаратады, - деді мемлекет басшысы мәслихат депутаттарының ІІІ республикалық форумында. - Менің тапсырмама сәйкес қазір Үкімет заңды тұлғаларға және жеке кәсіпкерлерге салынатын мүлік салығының бір бөлігін төртінші деңгейдегі бюджеттерге беру мәселесін пысықтап жатыр. Сондай-ақ аймақтарға жекелеген қызмет түрімен айналысуға арналған лицензиялық алымнан, экологиялық айыппұлдардан түсетін қаражат та берілуі мүмкін. Бұл – өте дұрыс ұстаным. Түскен табыс, ең алдымен, сол аймақты дамытуға жұмсалуы керек. Бір сөзбен айтқанда, жергілікті жерде қордаланған мәселелерді шешу үшін мүмкіндік те, ресурс та арта түспек.

Президент атап өткендей, қазір жергілікті бюджет бекітілетін кезде депутаттарға жалпы мәлімет қана ұсынылады, тиісті түсініктемелер берілмейді. Сондай-ақ бюджет жобасы мәслихаттың қарауына соңғы сәтте жолданады. Сол себепті оны депутаттар үстірт қарап, қысқа мерзім ішінде қабылдауына тура келеді.

Соның салдарынан қаражат халықтың нақты қажеттілігін өтемейтін, тиімсіз жобаларға жұмсалып кететін жағдайлар пайда болады. Ешкімге нақты жауапкершілік жүктелмеген соң, мәселе сұраусыз қалады. Демек жергілікті деңгейде тиісті бақылау жүргізілмейді деген сөз. Соның бәрі жергілікті тұрғындардың наразылығын туғызады, - дейді Қасым-Жомарт Тоқаев. - Мұндай келеңсіздікке тосқауыл қою үшін өкілді орган бюджетті жоспарлау үдерісіне әуел бастан атсалысуы керек. Бірақ бюджет бойынша барлық талқылау тек мемлекет пен өңірлік мүдделерге негізделуге тиіс, лоббизмге немесе популизмге жол бермеу керек. Басты ұстаным – бәрі де халық үшін.

Мемлекет басшысы әкімдіктегі бюджеттік комиссияның құрамына білімді, беделді мәслихат депутаттарын қосқан жөн деп санайды. Яғни, осылайша қаражаттың тиімді жұмсалуын қадағалауға болады. 

Қыруар қаржыны оңды-солды шашып, пайдасы жоқ бастамаларға жұмсауды доғару қажет, - деп атап өтті президент. - Әкімдер республикалық бюджеттен берілетін түрлі дотацияға сеніп отыра бермеуі керек. Масылдық ұғымынан біржола арылу қажет. Жергілікті билік өкілдері табысты көбейту үшін белсене жұмыс істеуге тиіс. Бюджет қабылданатын кезде "Қанша жұмыс орны ашылады, жеке инвестиция тартыла ма, бизнестің дамуына қандай жағдай жасалады, қанша салық төленеді?" деген сауалдарға нақты жауап берілуі керек. Күрішті күрмектен ажырата білу қажет. Бұл – барлық деңгейдегі әкімдер мен мәслихаттар депутаттары, ең алдымен, мемлекет мүддесіне қызмет ететін бір ұжым, бір команда деген сөз. Барлық аймақтың мәслихаттары мен әкімдіктері бірлесіп, бюджеттің әр теңгесінің ел игілігіне жұмсалуын қамтамасыз етуге міндетті.

Следующая →