Енді азаматтарға жыл сайынғы еңбек демалысы берілмей ме?
Жаңа Конституция жобасының мәтінінде "еңбек демалысы" сөзінің алдында "жыл сайынғы" сөзі жоқ

Осыған байланысты ақпараттық кеңістікте Конституция жобасының 27-бабына қатысты қате түсіндірмелер тарады, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.
Жаңа Конституция жобасының мәтінінде "еңбек демалысы" сөзінің алдында "жыл сайынғы" сөзінің болмауы қызметкерлердің құқықтарын шектемейді, - деп мәлімдеді ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі. - Конституция демалу құқығын іргелі құқық ретінде бекітеді, ал оны іске асыру тетіктері (мерзімі, кезеңділігі және ақы төленуі) бұрынғыдай Еңбек кодексімен реттеледі.
Жалпы "еңбек демалысы" ұғымын қолдану құқықтық тұрғыдан анағұрлым дәл түсінік болып табылады. Ол заңда көзделген кепілдендірілген демалыстың барлық түрлерін қамтиды: жыл сайынғы ақы төленетін еңбек демалысы, әлеуметтік және өзге де демалыс түрлері.
Тұжырымдаманың жаңартылуы жыл сайынғы ақы төленетін еңбек демалысын жоймайды. ҚР Еңбек кодексінің барлық нормалары, оның ішінде демалыстың ең төменгі ұзақтығы және оны бермеуге салынған тыйымтуралы ережелер толық көлемде қолданысын сақтайды.
Министрлік азаматтарды расталмаған мәліметтерге сенбеуге және тек ресми ақпарат көздеріне ғана жүгінуге шақырады.