Өскемен
Бұлтты
  • Өскемен
  • Семей
    -1°
  • Алматы
    -1°
  • Риддер
    -2°
  • Астана
    -11°
  • Ақтөбе
    -21°
  • Ақтау
    -2°
  • Атырау
    -12°
  • Қарағанды
    -9°
  • Көкшетау
    -16°
  • Қостанай
    -24°
  • Қызылорда
    -7°
  • Павлодар
    -8°
  • Петропавловск
    -19°
  • Тараз
    -1°
  • Түркістан
  • Орал
    -23°
  • Шымкент
$
495.1
-3.55
583.72
-5.34
¥
71.33
-0.51
6.46
-0.03
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Қазақстан X қысқы Азия ойындарын өткізу құқығына ие болды

18 жылдық үзілістен кейін 2029 жылы елімізде халықаралық қысқы спорт жарысы өтеді

Новости Казахстана / Қазақстан X қысқы Азия ойындарын өткізу құқығына ие болды
Фото:
pixabay

Қазақстан бұған дейін 2011 жылғы қысқы Азия ойындарын сәтті өткізіп, халықаралық қауымдастық тарапынан жоғары бағаланған еді, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі Туризм және спорт министрлігіне іслтеме жасап.

Сол кезде Астана мен Алматы қалаларында бірқатар заманауи спорт нысаны бой көтерді. Қазіргі таңда бұл нысандар спортшылардың дайындық деңгейін арттыруға, халықаралық жарыстар өткізуге және ел тұрғындарының саламатты өмір салтын насихаттауға қызмет етіп келеді.

Сондай-ақ еліміз бұдан басқа да ірі кешенді спорттық іс-шараларды ұйымдастыруда тәжірибеге ие. 2017 жылы елде Дүниежүзілік қысқы Универсиада жоғары деңгейде өтті. Сонымен қатар, Қазақстан аумағында жыл сайын қысқы спорт түрлерінен халықаралық жарыстар өткізіліп келеді, бұл елдің ең жоғары деңгейдегі жарыстарды қабылдауға дайын екенін білдіреді.

Алдағы қысқы Азия ойындарын қолданыстағы инфрақұрылым базасында өткізу жоспарланып отыр. Осыған байланысты қосымша ірі спорт нысандарын салу қажеті жоқ. Қолда бар спорт кешендері қысқы Азия ойындарының бағдарламасына енген спорт түрлерінен жарыстар өткізуге мүмкіндік береді, - деп мәлімдеді министрлік. - Еске сала кетейік, қазіргі таңда елімізде қысқы олимпиадалық 13 спорт түрі қарқынды дамып келеді.

Следующая →
Біздің Telegram арнамыздағы ең маңызды нәрселер
Тақырыптар: X қысқы Азия ойындары Қазақстан 2029 жыл