"Asar Baspana" қаржылық пирамидасына қазақстандықтар 25 млрд теңге салған
Пирамида 2023 жылдан 2025 жылға дейін Қазақстанның барлық аумағында тұтыну кооперативі ретінде әрекет еткен

Алматы қаласы прокуратурасының үйлестіруімен Экономикалық тергеп-тексеру департаменті көп деңгейлі "Asar Baspana" қаржы пирамидасы қызметінің фактісі бойынша тергеп-тексеруді аяқтады, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.
Қаржылық пирамида қызметіне 90 мыңнан астам азамат тартылған және олар 25 млрд теңгеден астам қаржы салған, - деп хабарлады Алматы қаласының прокуратурасы. - Бұл ретте ақша қаражаты көптеген жағдайларда жеке кәсіпкерлердің бақылаудағы шоттары арқылы қолма-қол ақшаға айналдырылып, ұйымдастырушылар жеке мақсаттарына пайдаланған, ал қаражатты есепке алуды, қылмыс іздерін жасыру мақсатында әдейі жүргізбеген.
Қылмыстық іс сотқа жолданды.