Қазақстандықтар наурыз айында неше күн демалады?
Келесі айда қазақстандықтар, демалыс және мереке күндерін қосқанда, 13 күн демалады

Наурыз мерекесіне орай 21-ден 25 наурызға дейін бес күн демалыс, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.
8 наурыз Халықаралық әйелдер күні биыл жексенбіге сәйкес келеді. Сол себепті демалыс күні 9 наурыз дүйсенбіге ауыстырылады. Бес күн жұмыс істейтін қазақстандықтар 7-сінен 9 наурызға дейін үш күн қатарынан демалады. Алты күн жұмыс істейтіндер 8 және 9 наурызда демалады.
10 наурыз сейсенбі – жұмыс күні.
Наурыз мерекесі жылдағыдай 21-23 наурызда тойланады. 2026 жылы 21 және 22 наурыз сенбі, жексенбіге тұспа-тұс келгендіктен демалыс күндері 24 және 25 наурызға, яғни дүйсенбі және сейсенбіге ауыстырылады. Нәтижесінде қазақстандықтарды 21-ден 25 наурызға дейін бес күн демалады.