Қазақстан халқының саны қаншаға жетті?
Ұлттық статистика бюросы Қазақстан халқының санына қатысты жаңартылған статистикалық мәліметтерді жариялады

2026 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша Қазақстан халқының жалпы саны 20 495 975 адам болды, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.
Оның ішінде, әйелдер - 10 477 240 адам, ерлер - 10 018 735 адам, - деп мәлімдеді бюро. - Елдегі қалалық халық саны 13 029 803 адамға жетсе, ал ауылдық халық саны 7 466 172 адам болған.
2025 жылдың басымен (20 283 399 адам) салыстырғанда халық саны 212 576 адамға артқан. Өсімнің негізгі себептері табиғи өсім - 196 423 адам, көші-қон сальдосы – 16 153 адам.
Статистикаға сәйкес, халық саны ең көп өңірлер қатарында бұрынғыдай 7 өңір көш бастап тұр.
Атап айтқанда, Алматы қаласы – 2 347 924, Түркістан облысы – 2 148 658, Астана қаласы – 1 638 233, Алматы облысы – 1 596 331, Шымкент қаласы – 1 293 648, Жамбыл облысы – 1 215 373, Қарағанды облысы – 1 131 287 адам.
Сондай-ақ халқы ең аз үш өңірдің тізімі өзгеріссіз қалды:
- Ұлытау облысы – 218 993 адам
- Солтүстік Қазақстан облысы – 514 156 адам
- Абай облысы – 595 676 адам.