ясно
°
$
503.17
-0.73
600.89
-2.43
¥
72.45
-0.09
6.63
+0.02
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Ертең еліміздегі барлық әскери бөлімдерге сарбаздардың жақындары кіре алады

31 қаңтарда Қарулы күштердің барлық әскери бөлімдерінде мерзімді әскери қызметшілердің ата-аналары мен туыстары үшін "Ашық есік" күні өтеді

Новости Казахстана / Ертең еліміздегі барлық әскери бөлімдерге сарбаздардың жақындары кіре алады
Фото:
ҚР Қорғаныс министрлігі

Бұл күні ата-аналарға азармалар мен асханаларды аралап, қару-жарақ пен әскери техника үлгілері, мерзімді қызметтегі әскери қызметшілердің жаттығулары, олардың тұрмыстық жағдайлары көрсетіледі, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.

Әскери бөлімдер мен бөлімше командирлері мерзімді әскери қызметке қатысты ата-аналардың сұрақтарына жауап береді. "Ашық есік" күнін өткізудің мақсаты - армия мен қоғам арасындағы сенімді нығайтуға, ашықтықты арттыруға және мерзімді әскери қызметтің нақты жағдайын таныстыруға бағытталған.

Сондай-ақ ең үздік мерзімді әскери қызметшілерге адал қызметі мен үлгілі әскери тәртібі үшін марапат ретінде бір күндік демалыс беріледі.

Әр әскери бөлім "Ашық есік" күнін өткізу уақытын өзі белгілейді. Ал ата-аналарға ақпаратты әскери бөлімдердің қолбасшылығы жеткізеді, - деп мәлімдеді ҚР Қорғаныс министрлігі. - Қарулы күштердің әскери бөлімдерінде ата-аналар мен шақырылуға дейінгі жастар үшін "Ашық есік" күндерін тұрақты түрде өткізіп тұру тәжірибеге айналған. Ол әскери қызметтің ашықтығын қамтамасыз етуге және ата-аналарды хабардар етуге бағытталған. Осы мақсатта бөлім командирлері WhatsApp мессенджерінде арнайы чаттар ашады. Сондай-ақ "Отбасымен бейнеқоңырау" сервисі арқылы ата-аналармен тұрақты бейнеқоңырау байланысы ұйымдастырылған. Сол үшін арнайы планшеттер сатып алынған.

Сонымен қатар, әскери бөлімдерде "Аналардың жүрегі" сарбаз аналары комитеті республикалық қоғамдық бірлестігінің өкілдеріне тұрақты түрде толық қолжетімділік берілген. Олар әскери бөлімдердегі сарбаздардың қызмет ету жағдайын үнемі тексеріп, ол жердегі жағдай туралы Қарулы күштердің басшылығы мен ата-аналарға ақпарат беріп тұрады.

Следующая →