Бүгін Өскемендегі оқушылар мектепке бармайды
Үш күн бойы облыс орталығында қолайсыз метеорологиялық жағдай сақталып отыр

Фото:
Устинка LIVE
Осыған байланысты облыстық білім басқармасы мектеп оқушылары үшін сабақты онлайн форматқа ауыстырды, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.
Қолайсыз метеорологиялық жағдайлардың (ҚМЖ) 2-дәрежесі үшінші күн қатарынан сақталуына байланысты 30 қаңтарда Өскемен қаласындағы жалпы білім беретін ұйымдардың 1 және 2-ші ауысымында оқитын оқушылар қашықтан оқыту форматына ауыстырылады, - деп хабарлады ШҚО білім басқармасы.