ШҚО-ның Кіші Оба, Қалжыр өзендеріндегі ГЭС стратегиялық құрылыстар тізіміне енеді
Еліміздегі қуаты 1000 МВт-тан асатын 5 ГЭС стратегиялық құрылыстар тізіміне енгізіледі

Үкімет отырысында су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов еліміздің гидроэнергетикалық әлеуетін дамыту туралы баяндады, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.
Министрлік Шығыс Қазақстан және Жетісу облыстарындағы Кіші Оба, Қалжыр, Көксу, Тентек, Лепсі өзендеріндегі жалпы қуаты 1000 МВт-тан асатын 5 ГЭС-ті стратегиялық су шаруашылығы және гидротехникалық құрылыстар тізіміне енгізу туралы Үкімет қаулысының жобасын әзірледі.
Бұдан басқа, “Қазсушар” мемлекеттік кәсіпорынмен республикалық меншіктегі гидротехникалық құрылыстарда шағын ГЭС санын арттыру жұмыстарын жүргізуде. Қазіргі уақытта шағын гидроэнергетика орналастыру әлеуеті 20 МВт болатын 29 гидротехникалық құрылыс іріктелді, — деп атап өтті министр.