Өскемендегі жаңа ЖЭО құрылысы сәуірде басталуы керек
Премьер-министр Олжас Бектенов Үкімет отырысында осындай тапсырма берді

Президент тапсырмаларын жүзеге асыру шеңберінде "Самұрық-Қазына" қоры қаңтар айының соңына дейін Көкшетау, Семей және Өскемен қалаларында ЖЭО салу бойынша келісімшарттар жасайды, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.
Мемлекет басшысы кешегі Ұлттық құрылтайда сөйлеген сөзінде жаңа ЖЭО жобаларын жүзеге асырудың маңыздылығына назар аударған болатын.
Осыған байланысты "Самұрық-Қазына" қорына қаңтар айының соңына дейін Көкшетау, Семей және Өскемен қалаларында Жылу электр орталықтарын салу жобаларын жүзеге асыру бойынша келісімшарттарды бекітуді тапсырамын. Құрылыс жұмыстарына алдымыздағы сәуір айында кірісу керек. 2-ші ГРЭС-ті кеңейту бойынша құрылыс барысын ерекше бақылауға алу қажет. Сондай-ақ биыл Курчатовтағы Жылу электр орталығы және Екібастұздағы 3-ші ГРЭС жобаларының техникалық құжаттамасын дайындауды аяқтау керек, - деп тапсырды Премьер-министр.