Өскемен
облачно
-14°
  • Өскемен
    -14°
  • Алматы
    -8°
  • Астана
    -17°
  • Ақтөбе
    -15°
  • Актау
    -3°
  • Орал
    -9°
  • Қарағанды
    -17°
  • Көкшетау
    -24°
  • Қостанай
    -24°
  • Қызылорда
    -7°
  • Павлодар
    -18°
  • Петропавловск
    -29°
  • Тараз
    -7°
  • Туркестан
    -14°
  • Шымкент
    +2°
$
506.7
-0.35
593.14
-1.68
¥
72.76
-0.10
6.53
+0.02
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Жекеменшік емханалар мен мектептерді қаржыландыру тетіктері қайта қаралады

Қазіргі таңда жекеменшік мектептерді цифрлық есепке алу жұмысы жүріп жатыр, медициналық ұйымдарға ла бірыңғай цифрлық бақылау енгізілмек

Новости Казахстана / Жекеменшік емханалар мен мектептерді қаржыландыру тетіктері қайта қаралады
Фото:
pexels

Мемлекет басшысының Ұлттық құрылтайдың V отырысындағы тапсырмалары бойынша елдің басты салаларын қаржыландыру мәселесі түбегейлі қайта қаралмақ, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі UKIMET телеграм арнасына сілтеме жасап.

Бұл туралы Үкімет отырысында Премьер-министрдің орынбасары – мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева хабарлады.

Ол бүгінде білім беру саласында пилоттық режимде жекеменшік мектептерді цифрлық есепке алуды, негізгі процестерді автоматтандыруды және бюджеттеу жүйесімен синхрондауды көздейтін жаңа тетік енгізілгенін атап өтті. Нәтижесінде 785 жекеменшік мектеп толық цифрландырылды.

Бюджет қаражатын тиімді әрі мақсатты пайдалану үшін жаңа жекеменшік мектептерге мемлекеттік тапсырысты орналастыруға мораторий енгізіледі. Мемлекеттік қаржыландыру енді тек өңірдегі нақты қажеттілік бар жекеменшік мектептерге ғана бағытталады. Бұл ретте мемлекеттік мектептердің болмауы, үш ауысымды оқытуды жою және апатты мектептердің орнына жаңа білім беру нысандарының салынуы негізгі басымдық ретінде айқындалып отыр, – деп атап өтті Аида Балаева.

Вице-премьер білім саласына жекеменшік инвестицияны тарту үшін мемлекеттік тапсырыссыз, тек инвестициялық шығынды өтеу механизмі сақталғанын айтты. Сонымен қатар, Оқу-ағарту министрлігі мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесіп, жекеменшік мектептерге лицензиядан кейінгі бақылау жүргізеді. 

Ал Денсаулық сақтау министрлігі Президент тапсырмасына сай халықтың нақты қажеттіліктеріне, демографиялық және көші-қон деректеріне сүйене отырып, медициналық көмекті жоспарлауға көшеді. Қаржыландыру көлемі ең тиімді мемлекеттік және сенімді жеке емханаларға бағытталады, - деді Аида Балаева. - Қосарланған төлем мен жалған есепті болдырмау үшін бірыңғай цифрлық бақылау енгізілмек. Қосарланған төлемдер салыстырылып, барлық қаржыландыру көздерінің мәліметтері біріктіріледі. Пациенттермен кері байланыс мобильді қосымша арқылы жүзеге асады.

Сонымен бірге сапаны бақылау күшейіп, лицензиялау талаптары қатаңдатылады. Аталған шаралар қаржыландыру жүйесін әділ, ашық және тиімді етуге, сондай-ақ халықтың денсаулық сапасын жақсартуға бағытталған.

Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі Қаржы министрлігіне берілді. Қазіргі уақытта Мемлекет басшысы тапсырмасына сай, құқық қорғау органдарымен бірлесіп "Заң және тәртіп" қағидатына сәйкес тексеру жүріп жатыр. Сонымен қатар, жеке медицина және білім беру ұйымдарын қаржыландыру механизмдерін қайта қарау бойынша іс-шаралар жоспары бекітілді.

Следующая →