Өскемен
облачно
-14°
  • Өскемен
    -14°
  • Алматы
    -8°
  • Астана
    -17°
  • Ақтөбе
    -15°
  • Актау
    -3°
  • Орал
    -9°
  • Қарағанды
    -17°
  • Көкшетау
    -24°
  • Қостанай
    -24°
  • Қызылорда
    -7°
  • Павлодар
    -18°
  • Петропавловск
    -29°
  • Тараз
    -7°
  • Туркестан
    -14°
  • Шымкент
    +2°
$
506.7
-0.35
593.14
-1.68
¥
72.76
-0.10
6.53
+0.02
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Қазақстанның инженерлік әскерлері қандай қызмет атқарады?

Олар төтенше жағдайларды жоюдан бастап, миналарды залалсыздандыруға дейінгі жұмыстарды жүргізеді

Новости Казахстана / Қазақстанның инженерлік әскерлері қандай қызмет атқарады?
Фото:
t.me/modgovkz

21 қаңтарда Қазақстанда ең жауапты әрі қауіпті әскери мамандықтардың бірінің кәсіби мерекесі – Инженерлік әскерлердің күні, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.

Инженерлік әскерлердің қатарында саперлар, инженер-барлаушылар, механик-жүргізушілер, понтоншылар, кинологтар және басқа да мамандар бар. 

Әскери инженерлер бағдарларды дайындау мен қамтамасыз етуге, фортификациялық құрылыстар салуға, миналық-жарылғыш бөгеттерді орнату және залалсыздандыруға, өткелдер ұйымдастыруға, сондай-ақ әскерлерді сумен қамтамасыз етуге жауапты, - деп мәлімдеді ҚР Қорғаныс министрлігі. - Сонымен қатар, олардың міндетіне әскери нысандарды бүркемелеу немесе имитациялау кіреді. Қауіпсіздікті қамтамасыз етуде инженерлік-саперлік бөлімшелер ерекше рөл атқарады. Олар аумақты миналардан тазалау жұмыстарын жүргізеді. Бұл қызмет жоғары кәсіби дайындықты, қатаң тәртіпті және күйзеліске төзімділікті талап етеді. 

Инженерлік әскерлер заманауи барлау құралдарымен, робототехникамен, жер қазу және понтондық техникамен жабдықталған.

Әскери инженерлер төтенше жағдайлардың салдарын жоюға да қатысады. Мәселен, 2024 жылғы көктемгі су тасқыны кезінде Ойыл және Есіл өзендері арқылы паром өткелдері ұйымдастырылып, 3 мыңнан астам адам эвакуацияланды, шамамен 1,5 мың техника бірлігі өткізілді және 400 тоннадан астам гуманитарлық көмек жеткізілді.

Қазақстандық инженерлер халықаралық миссияларға да елеулі үлес қосты. Ирактағы операция барысында олар 4 миллионнан астам жарылғыш затты залалсыздандырып, 6,7 мың текше метрден астам суды тазартты, - делінген министрлік ақпаратында.


Следующая →