Өскемен
облачно
-29°
  • Өскемен
    -29°
  • Алматы
    -4°
  • Астана
    -24°
  • Ақтөбе
    -18°
  • Актау
    -4°
  • Орал
    -9°
  • Қарағанды
    -20°
  • Көкшетау
    -27°
  • Қостанай
    -24°
  • Қызылорда
    -5°
  • Павлодар
    -29°
  • Петропавловск
    -33°
  • Тараз
    +2°
  • Туркестан
    -16°
  • Шымкент
    +8°
$
510.95
+0.52
594.49
-0.37
¥
73.34
+0.13
6.5
+0.01
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Қазақстандық әскери спортшы ММА –дан Азия чемпионы атанды

Қытай Халық Республикасының Сычуань провинциясы, Лучжоу қаласында өткен Азия чемпионатына 19 елден 200-ге жуық спортшы қатысқан

Новости Казахстана / Қазақстандық әскери спортшы ММА –дан Азия чемпионы атанды
Фото:
ҚР Қорғаныс министрлігі

ҚР Қорғаныс министрлігі Армия орталық спорт клубының спортшысы қатардағы жауынгер Қадырбек Шынбаев 70 келіден аса салмақ дәрежесінде ересектер арасында аралас жекпе-жектен өткен Азия чемпионатының алтын медалін жеңіп алды, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.

Қадырбек бұл сында Моңғолия, Қытай, Қырғызстан және Тәжікстан спортшыларын сенімді түрде жеңді.

Қарсыластарым мықты болды. Тәжірибелері де жеткілкті. Әр жекпе-жек ерік-жігер мен күш-қуатты талап етті. Әйтсе де, жеңіс тұғырынан көрініп, көк байрағымызды желбірету үлкен абырой болды, – деді чемпион.

Қадырбек Шынбаевтың халықаралық арендағы бұл жетістігі әскери спорттың жоғары әлеуетін тағы бір дәлелдеді. Турнир алдағы Азия ойындарына іріктеу кезеңі болып саналатынын да айта кету керек. Ал жарыстар бағдарламасына ММА алғаш рет енгізіліп отыр.

Следующая →
Біздің Telegram арнамыздағы ең маңызды нәрселер
Тақырыптар: Азия чемпионы ММА Қадырбек Шынбаев