"Балқия", "Al-Hayat", "Апамның шайынан" қауіпті қоспалар анықталды
Бірнеше танымал шай маркаларын елге әкелуге және сатуға тыйым салынды

Бұл туралы Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті мәлімдеді, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.
Бас мемлекеттік санитариялық дәрігері 5 қаңтарда тиісті қаулыға қол қойған.
Тиісті нормативтік құқықтық актілердің, Кеден одағының "Тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі туралы" (021/2011 КО ТР), "Тағамдық қоспалардың, хош иістендіргіштердің және технологиялық қосалқы құралдардың қауіпсіздігі талаптары" (029/2012 КО ТР), "Тамақ өнімдерін қаптамалау бөлігінде" (022/2011 КО ТР) техникалық регламенттерінің талаптарына сәйкес келмейтін шайды әкелуге және сатуға тыйым салынды, - делінген ақпаратта. - Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық қауіпсіздігі саласында бақылау мақсатында сатып алу және сараптама жүргізу барысында құрамында тағамдық бояғыштар (сары "күн батуы" (E110), тартразин (E102), понсо 4R (E124)) бар қара шайдың өндіріліп, сатылу фактілері анықталды, оларды шайда қолдануға рұқсат етілмейді.
Бұдан бөлек, халықтың санитариялық-эпидемиологиялық қауіпсіздігі саласындағы тергеулер барысында шай қаптамаларында шай өндірісі мен қапталуында расталмаған мекенжайлардың көрсетілгені анықталды, бұл қызметті жүзеге асыруға рұқсат беру құжаттарының жоқтығын көрсетеді.
Осыған байланысты, келесі қара шай атауларының әкелінуі мен сатылуына тыйым салынды:
- "Апамның шәйі Premium gold", "Al-Hayat" Golg, "БАЛҚИЯ Premium gold", өндірушісі "Orda Trade Astana" ЖШҚ (Алматы облысы) өндірісі;
- "Sultan Suleyman", "Pakistan tea", өндірушісі "Real Trade Astana" ЖШҚ (Астана қ.)
- "БАЛҚИЯ Premium gold", өндіруші "Аль-Хадия" ЖҚ (Алматы қ.);
- "Aje Onim", өндіруші "Орда Чай" ЖҚ (Алматы қ.) "Кальций" ЖШС тапсырысы бойынша:
- "Al-Hayat" Golg, өндіруші "Empire KENIY E.P.Z. Limited" (Алматы облысы);
- "Al-Jannat Premium", өндіруші "Ferdaus" ЖҚ (Алматы қ.);
- "Alfarah" (өндірушісі қаптамада көрсетілмеген).