Алтай қаласындағы су құбыры желілері жаңартылуда
Алтай қаласында су құбыры желісін қайта жаңғырту жұмыстары 95 пайызға аяқталды

Бұл жұмыстар аяқталса, 9 420 абонент таза ауызсумен қамтамасыз етіледі, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.
Жұмыс аяқталуға жақын, дегенмен желіні іске қосу үшін тозығы жеткен құбырларды ауыстыру қажет. Мәжіліс депутаттары, "AMANAT" партиясы фракциясының мүшелері Ерлан Саиров пен Ұлықбек Тұмашиновтың ауданға жұмыс сапары барысында осы түйткілді мәселе қаралды.
Су құбыры желісін қайта жаңғырту жобасы "AMANAT" партиясының сайлауалды бағдарламасы аясында жүзеге асырылуда. Жалпы құны 2,6 млрд теңгені құрайтын жоба арқылы 110,5 шақырым су құбыры желісін тарту көзделген, - делінгенҚР Парламенті Мәжілісі ақпаратында. - Қалада өткен ғасырдың алпысыншы жылдары салынған, шойыннан жасалған ескі желінің жекелеген учаскелерін ауыстыру қажет, онсыз жаңартылған жүйені толық іске қосу мүмкін емес. Алтай ауданы әкімінің орынбасары Заңғар Шаухин бұл жұмысты орындау үшін шамамен 2 млрд теңге көлемінде қосымша қаржы бөлінуі қажет екенін айтады.
Өңір басшылығымен кездесу барысында депутаттар руда базасының сарқылу проблемасын да көтерді. Бүгінде Шығыс Қазақстанның бірқатар ірі кен орындарының қоры пайдаланудың соңғы сатысында тұр, ал жергілікті Малеев кеніші 2026 жылы өндірісті аяқталу қаупі бар. Бұл қалалық байыту фабрикасының жабылуына, аралас салалардағы кәсіпкерлік белсенділіктің төмендеуіне және тағы басқаларына соқтыруы мүмкін.