Қазақстандықтар қысқы Олимпиадаға қандай киіммен барады?
Туризм және спорт министрлігі қысқы Олимпиадаға қатысатын ұлттық құраманың спорттық киім жиынтығын таныстырды

ХХV қысқы Олимпиада 2026 жылғы ақпанда Италияның Милан және Кортина-д’Ампеццо қалаларында өтеді, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.
Министрлік мәлімдегендей, жұмыс комиссиясы ұлттық құраманың спорттық киімінің эскизін бекітті. Қазіргі уақытта бұл эскиз Халықаралық Олимпиада комитетінде келісу рәсімінен өтіп жатыр.
Спорттық киім жиынтығы 22 атаудан тұрады. Оның ішіне Олимпиаданың ашылу және жабылу салтанаттарына арналған салтанатты форма, жарыс кезеңінде пайдаланылатын жылы сырт киімдер, сондай-ақ оқу-жаттығу жиындары мен күнделікті қолдануға арналған жаттығу және күнделікті киімдер кіреді, - делінген хабарламада.
Сондай-ақ ұлттық құраманың спорттық киімі демеушілер есебінен сатып алынғанын айта кеткен жөн.