Жаңа форматтағы 141 оқу орны пайдалануға берілді
Қазақстанда Президент тапсырмасы бойынша жайлы оқу ортасын құру үшін білім беру инфрақұрылымын кең ауқымда жаңарту жалғасуда

Апатты және оқушы саны көп мектептер мәселесін шешуге бағытталған "Келешек мектептері" жобасы жүзеге асырылуда, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.
Мемлекет басшысының бастамасымен "Келешек мектептері" ұлттық жобасы табысты жүзеге асырылды. Оның аясында еліміздің түкпір-түкпірінде 460,4 мың орындық 217 жаңа форматты мектеп салынуда. Бұл жоба арқылы 69 үшауысымды, 22 апаттық мектеп және 100-ден астам мектепте орын тапшылығы мәселесі шешімін тапты. Жалпы 2025 жылы 214 мың оқушы орнына арналған 141 мектептің құрылысы аяқталды, - деді ҚР оқу-ағарту бірінші вице-министрі Майра Мелдебекова.