Өскемен
пасмурно
-4°
  • Өскемен
    -4°
  • Алматы
    +1°
  • Астана
    -8°
  • Ақтөбе
    -22°
  • Актау
    -6°
  • Орал
    -11°
  • Қарағанды
    -5°
  • Көкшетау
    -16°
  • Қостанай
    -22°
  • Қызылорда
    +2°
  • Павлодар
    -5°
  • Петропавловск
    -25°
  • Тараз
    +2°
  • Туркестан
    -15°
  • Шымкент
    +5°
$
512.81
+1.81
604.19
+1.47
¥
73.2
+0.35
6.57
+0.08
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Астанада алаяқтар көпбалалылар мен мүгедектерге арналған пәтерлерді иемденбек болған

Жалпы құны 2,3 млрд теңгеден асатын пәтерлерді заңсыз иемдену әрекетінің жолы кесілді

Новости Казахстана / Астанада алаяқтар көпбалалылар мен мүгедектерге арналған пәтерлерді иемденбек болған
Фото:
ҚР ҚМА

Бұл істі Бас прокуратураның үйлестіруімен Сот әкімшілігінің ішкі қауіпсіздік бөлімшелерімен бірлесіп Қаржылық мониторинг агенттігі тергеуде, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.

2014–2016 жылдары А. Байжұманов "Төленді" тұрғын үй-құрылыс кооперативін басқара отырып, пайшылардың ақшалай қаражатын жымқырудың ауқымды схемасын ұйымдастырғаны үшін 8 жылға бас бостандығынан айырылған. Кейін үй құрылысы Астана қаласы әкімдігінің көмегімен аяқталған және пәтерлердің бір бөлігі әлеуметтік осал санаттағы азаматтарға (оның ішінде көпбалалы отбасыларға, жетім балаларға және мүгедектігі бар адамдарға) бөлінген, - деп мәлімдеді Қаржылық мониторинг агенттігі. - Бас бостандығынан айыру орындарынан босатылғаннан кейін А. Байжұманов жаңа заңсыз схема әзірлеген. Бұл схема "өткен күнмен рәсімделген" жалған құжаттарды пайдалану арқылы пәтерлерді заңсыз иемденуге бағытталған. Яғни, 80-нен астам "жалған үлескер" жәбірленуші деп танылып, уәкілетті ұйымнан 170 жылжымайтын мүлік нысанына заңсыз құқық алған. Байжұманов пен оның сыбайластары оларды үшінші тұлғаларға сатуды жоспарлаған.

Осылайша жалпы құны 2,3 млрд теңгеден асатын пәтерлерді заңсыз иемдену әрекетінің жолы кесілді.

Күдіктілерге қатысты қамауда ұстау түріндегі бұлтартпау шарасы таңдалды. Тергеу жалғасуда.

Следующая →