Өскемен
пасмурно
-4°
  • Өскемен
    -4°
  • Алматы
    +1°
  • Астана
    -8°
  • Ақтөбе
    -22°
  • Актау
    -6°
  • Орал
    -11°
  • Қарағанды
    -5°
  • Көкшетау
    -16°
  • Қостанай
    -22°
  • Қызылорда
    +2°
  • Павлодар
    -5°
  • Петропавловск
    -25°
  • Тараз
    +2°
  • Туркестан
    -15°
  • Шымкент
    +5°
$
512.81
+1.81
604.19
+1.47
¥
73.2
+0.35
6.57
+0.08
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Қаңтар айының зейнетақысы желтоқсанда мерзімінен бұрын түсетіні рас па?

Мессенджерлер мен әлеуметтік желілерде 2026 жылғы қаңтар айының зейнетақы төлемдері 2025 жылғы 30 желтоқсанға дейінгі кезеңде, өсімді ескере отырып, мерзімінен бұрын аударылатыны туралы ақпарат тарады

Новости Казахстана / Қаңтар айының зейнетақысы желтоқсанда мерзімінен бұрын түсетіні рас па?
Фото:
Устинка LIVE

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі бұл ақпараттың шындыққа жанаспайтынын ескертті, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.

Зейнетақы мен жәрдемақыларды төлеу бекітілген кестеге сәйкес жүргізілетінін хабарлаймыз. Индексацияны ескере отырып, қаңтар айының зейнетақы төлемдері алушыларға 2026 жылдың қаңтар айында аударылады, - деп мәлімдеді министрлік. - Желтоқсан айының зейнетақы төлемдері толық көлемде жүргізілді.

Азаматтарға жеке деректері таралып кетпеуі үшін осыған ұқсас хабарламалармен бірге келетін күмәнді сілтемелерге өтпеу ескертіледі.

Мемлекеттік қолдау шаралары туралы ресми ақпарат тек қана 1414 нөмірінен SMS-хабарламалар арқылы, сондай-ақ мемлекеттік органдардың ресми интернет-ресурстары арқылы таратылады.

Тек ресми көздердегі ақпаратқа сену қажет. Жалған ақпарат тарату заңмен жазаланатынын ескерте кеткен жөн.

Следующая →