Елдің шығысындағы су қоймалары мен каналдарын толық қалпына келтіру қажет
Қазір осы жұмыстарға байланысты жобалар әзірленіп жатыр

Бұл туралы су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов айтты, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.
Министр азаматтарды қабылдап, онлайн форматта қазақстандықтарды толғандырған сұрақтарға жауап берді. Кездесу барысында Шығыс Қазақстан, Павлодар және Абай облыстарында суармалы егіншілікті дамыту мәселелері қаралды. Атап айтқанда, суару суын жеткізу аумағын ұлғайту есебінен ауыл шаруашылығын дамыту жолдары талқыланды.
Қазіргі уақытта Абай және Шығыс Қазақстан облыстарында су қоймаларын, сондай-ақ магистральдық және шаруашылықаралық каналдарды толық қалпына келтіру және реконструкциялау бойынша жобалау-сметалық құжат әзірленуде. Жобаларды әзірлеу келесі жылдың бірінші тоқсанында аяқталады. Біз құрылыс және монтаж жұмыстарын 2026 жылдың соңына дейін бастауды көздеп етеміз. Министрлік пен оған қарасты ұйымдар осы бағытта жұмыс жүргізіп жатыр, – деді Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов.