Жүргізуші куәліктерін ауыстыру қажеттігі туралы жалған ақпарат тарады
Әлеуметтік желілер мен мессенджерлерде "алдағы төрт жыл ішінде жарамдылық мерзімі аяқталатын жүргізуші куәліктерін міндетті түрде ауыстыру қажет" деген ақпарат тарап жатыр

ҚР ІІМ бұл жалған ақпарат екенін мәлімдеді, деп хабарлайды Устинка LIVE сайты.
Жүргізуші куәліктерін беру және ауыстыру тәртібіне қатысты ешқандай өзгеріс енгізілген жоқ. Аталған куәлік тек олардың жарамдылық мерзімі аяқталған жағдайда және қолданыстағы белгіленген тәртіпке сәйкес ауыстырылады. Қосымша талаптар, соның ішінде қайта емтихан тапсыру немесе қандай да бір шектеулер қарастырылмаған, - деп хабарлады ҚР ІІМ баспасөз қызметі.
Полиция азаматтарды жалған ақпаратқа сенбеуге және мәліметтерді тек ресми дереккөздерден алуға шақырады. Сонымен қатар, көрінеу жалған ақпарат тарату Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 274-бабына сәйкес қылмыстық жауапкершілікке әкеп соғатынын ескертеді.