Өскемен
пасмурно
-15°
  • Өскемен
    -15°
  • Алматы
    -2°
  • Астана
    -14°
  • Ақтөбе
    -5°
  • Актау
    +4°
  • Орал
    -2°
  • Қарағанды
    -13°
  • Көкшетау
    -13°
  • Қостанай
    -12°
  • Қызылорда
    -8°
  • Павлодар
    -16°
  • Петропавловск
    -15°
  • Тараз
    -3°
  • Туркестан
    +1°
  • Шымкент
    -3°
$
513.55
-0.76
602.09
-0.94
¥
72.94
-0.07
6.42
+0.02
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Қазақстан Милан-2026 қысқы Олимпиадасына тағы 12 лицензия жеңіп алды

Болжам бойынша, 2026 жылғы қысқы Олимпиадада конькимен жүгіруден ел намысын 5 спортшы қорғайды

Новости Казахстана / Қазақстан Милан-2026 қысқы Олимпиадасына тағы 12 лицензия жеңіп алды
Фото:
olympic.kz

Қазіргі таңда Қазақстан құрамасының қоржынында спорттың үш түрінен 23 лицензия бар, деп хабарлайды Устинка LIVE сайты ҚР Туризм және спорт министрлігі ақпаратына сүйеніп.

Конькимен жүгіруден 14 қараша мен 14 желтоқсан аралығында АҚШ, Канада, Нидерланд және Норвегияда өткен Әлем кубогі кезеңдерінің қорытындысы бойынша Қазақстан құрамасы 12 лицензия жеңіп алды. Лицензия иегерлерінің есімі мен спортшылар саны ұлттық құрама бас бапкерінің шешімінен кейін белгілі болады.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін мәнерлеп сырғанау спортынан Михаил Шайдоров пен Софья Самоделкина әлем чемпионатында олимпиадалық нормативті орындап, екі жолдама жеңіп алған еді. Сонымен қатар отандық шорт-трекшілер ел қоржынына тағы 9 жолдама салды. Бапкерлер штабының шешімімен Миланда Денис Никиша, Абзал Әжіғалиев, Ольга Тихонова және Яна Хан бақ сынайды. Осылайша, қазіргі таңда Қазақстан құрамасының қоржынында спорттың үш түрінен 23 лицензия бар, - деп мәлімдеді министрлік. - Олимпиадаға арналған нақты лицензия саны 2026 жылғы қаңтар айының соңында белгілі болады.

XXV қысқы Олимпия ойындары 2026 жылғы 6-22 ақпан күндері Италияның Милан және Кортина-д’Ампеццо қалаларында өтеді. Оған әлемнің 93 елінен 3 500-ден астам спортшы қатысады.

Следующая →