Қазақстандағы 350 км ақылы жол енді тегін болады
Өйткені тексеріс барысында бұл 350 шақырым жолда ақау анықталған

Бұл туралы “ҚазАвтоЖол” АҚ басқарма төрағасы Дархан Иманашев Үкімет отырысынан кейінгі брифингте айтты, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі inbusiness.kz сайтына сілтеме жасап.
Бүгінгі таңда 2000 шақырымдай жол ақылы. Олардың ішінде 350 шақырымынан ақау анықталған. Біз қаңтардан бастап бұл учаскелерді ақылы жолдар тізімінен уақытша алып тастаймыз деп жоспарлап отырмыз. Бірақ алдағы құрылыс маусымында осы учаскелер жөнделеді. Жөндеу жұмыстары аяқталып, жол пайдалануға берілгеннен кейін бұл учаскелер қайтадан ақылы болады, – деп түсіндірді “ҚазАвтоЖол” АҚ басқарма төрағасы.
Бүгінгі таңда тиісті бұйрық дайындалып жатыр.