Өскемен
малооблачно
-8°
  • Өскемен
    -8°
  • Алматы
    +6°
  • Астана
    +1°
  • Ақтөбе
    +6°
  • Актау
    +12°
  • Орал
    +7°
  • Қарағанды
    -3°
  • Көкшетау
    +1°
  • Қостанай
    +3°
  • Қызылорда
    +9°
  • Павлодар
    -5°
  • Петропавловск
    +1°
  • Тараз
    +6°
  • Туркестан
    +5°
  • Шымкент
    +10°
$
522.19
-2.13
606.42
-2.63
¥
73.56
-0.32
6.47
-0.05
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Қазақстанда адам өлтірген күдікті 17 жылдан кейін Литвадан табылды

Ол 2008 жылдан бері кісі өлтіру және атыс қаруын заңсыз сақтау фактілері бойынша іздеуде жүрген

Новости Казахстана / Қазақстанда адам өлтірген күдікті 17 жылдан кейін Литвадан табылды
Фото:
видеодан алынды

Бүгін күдікті Литвадан экстрадицияланды, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі ҚР Бас прокуратурасы ақпаратына сүйеніп.

2007 жылы күдікті сыбайласымен бірге заңсыз жолмен баю мақсатында Алматы қаласына келген. Олардың қылмыстық әрекеті өзге қылмыстық топ өкілдерімен жанжалға әкеліп, соның нәтижесінде олардың бірін өлтіруге шешім қабылдаған, - деп мәлімдеді ҚР Бас прокуратурасы. - 2008 жылғы 19 мамырда күдіктілер өздерінің қылмыстық ниеттерін жүзеге асырып, жәбірленушіні өз үйінің ауласында тосып алып, оған бірнеше рет оқ атқан. Соңғы оқ басынан тиген. Алынған жарақаттардан жәбірленуші оқиға орнында қаза тапқан.

Күдіктілердің бірі ұсталып, екіншісі жасырынып, оған халықаралық іздеу жарияланды. Жазадан жалтару мақсатында күдікті анкеталық деректерін өзгертіп, Еуропа аумағында жасырынған.

2025 жылғы тамыз айында Литва Республикасының шекарасын кесіп өту кезінде ұсталды. Бас прокуратураның сұрауы бойынша ол Қазақстанға экстрадицияланды.

Қазіргі уақытта күдікті тергеу изоляторына қамауға алынды.

Айыпталып отырған қылмыстар үшін Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес он жылдан жиырма жылға дейінгі мерзімге немесе өмір бойына бас бостандығынан айыру, мүлікті тәркілеу түріндегі жаза көзделген.

Следующая →