Шемонаихада глютенсіз нан пісіретін жаңа цех жұмысын бастады
Шемонаиха қаласының тұрғыны "Ауыл аманаты" жобасы аясында 2,5 пайыздық жеңілдетілген несие алып, өз кәсібін дамытуда

Кәсіпкер 15 адамды жұмыспен қамтып отыр, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.
"Ауыл аманаты" бағдарламаның басты мақсаты – ауыл тұрғындарының кәсіпкерлік бастамаларын қолдау, жаңа жұмыс орындарын ашу және өңірлік экономиканы нығайту.
Кәсіпкер жобаның арқасында 9,23 млн теңге көлемінде несие алып, Қазақстан мен Ресейден арнайы жабдықтар сатып алған. Нәтижесінде глютенсіз нан-тоқаш өнімдерін пісіретін жаңа цех толыққанды іске қосылды. Өндіріс қуаттылығы – сағатына 144 бөлке нанға дейін, ал тәулігіне 2500 дана өнім шығаруға мүмкіндік бар.
Мен бұрыннан денсаулыққа пайдалы, глютенсіз өнім өндіруді қолға алуды ойлап жүрдім. "AMANAT" партиясының "Ауыл аманаты" жобасы арқылы бұл ой нақты іске асты. Қазір біздің цех толық қуатында жұмыс істеп тұр. Тұтынушыларға сапалы әрі табиғи өнім ұсыну – басты мақсатымыз, - дейді Полина Висмер.
Бүгінде кәсіпорында 15 адам тұрақты жұмыспен қамтылған. Алдағы уақытта өндіріс көлемін арттыру жоспарда бар.